ВЕРНУТЬСЯ

Бұл сырды тыңда,Ойла, күйге бөлен.Туған жер топырағын сүйген өрен.Дала ғой сырласып кең даласымен,Бешім қарт келе жатты баласымен.Қысқарту ұзақ жолды аңсағаны,Жолаушылар сызылтып ән салады.«Білген дала сұрлана, нұрлана да,Шөлдіркемей жетсек-ау бір қараға.Қыз баланың қылықты мінезін айт,Бір ерлік жасау керек ұл балаға»...Кім көрген бұрын сірә бұл ғажапты,Сортаңда жылжып ағып жылға жатты.Жаздады көліктері ішіп ала,Қараса аққан «судың» түсі қара.Қасиет, құдірет,-деп сыр түйеді,Бір атты, бір түйелі.Түсінді ме, кім білсін, тылсымына,Әлгілер әлгі майдыҚұйып апты торсығына...Шөлдетпейтін кім болса да жолшыны,Торсығы ғой шалап толы торсығы.Бұл өңірді бұрын тек мал даусы бар,Содан соң қаптап кетті барлаушылар.Көп екен құпия тең шешілмеген,Жөн-жосықсыз құмы да есілмеген.Торсық толы олжасын Москваға,Жолдамапты ғұлама Бешім бекер.Төбеңнен жөңкіп көшкен ақша бұлтыңТуған жер, өзіңді ұлың бек сағынды.Танытты қасиетіңді осынау бір,Басынан атқан фонтан қос шағылдың.Бітпес керек бұл байлық отсыз жанға,Жалғады бұрғышылар таңды таңға.Қосшағылдың фонтаны тәулігіне,Атқылады «қара алтын» 400 тонна.Бұл фонтан елге бақыт ала келді,Оятып маңғаз жатқан дала-белді.Таратты маңайына шұғыласын,Қаратты бір өзіне бар әлемді.Сан ғасыр үнсіз жатқан дала сұлық,Аз күнде шыға келді аласұрып.Самсады маңғаз-маңғаз мұнаралар,Болып тек аспандағы таласы бұлт.Саған қимай қоштасты батырыңда ай,Шапағыда күн нұры шапағындай.Өз атаңды ей, Ембі, Бешім деп біл,Көмір атасы Байжанның Апағындай.Бас ұрып топырағына сиынған соң,Бұл өлкені дей алман жиылған сор.Ең алғаш қазанға емес, құбырға емес,Және майы торсыққа құйылған соң.Атырауда өзіндік ою бөлек,Ою бөлек жасауды жаю керек.Айналайын адамдар, сол торсықты,Тауып алып, музейге қою керек.