ВЕРНУТЬСЯ

Мейірленіп көк жүзі мөлдірейді,Жалау біткен толғана желбірейді.Күміс күннің керімсал шуағындай,Жүректер елжірейді... Аясында туған ел аспанының,Жырын шертем замана дастанының.Қазағымның кемелдік мінбесінен,Шығады асқақ үнім. Туысқандық тереңде тамырланып,Тілер мәңгі, тыныштық таңын, халық.Өшсін дейді, әлемнен соғыс өрті,Дүние дабыл қағып! Шапағатты шаттыққа кенелсін де, елКөктем әнді шыраймен көгерсін жер!Қол соққандай қуанып, қос қанатынҚағады көгершіндер... Бар мен үшін өмірде бір-ақ тәңір,Ол – Туған ел! Жаудырған мұратқа нұр.Боз жусанды даламда, боламын-ау,Кіргендей жұмаққа бір!