ВЕРНУТЬСЯ

   (Шәкір Әбенұлы аруағына)

   Жамбылдың батасын ап,

Нұрсұлтанға бата берген -

Жан еді кейуана,

Алабөтен атағы елден.

Ұлың көп Шөкір-Ата -

Десем, Сіз қате дер ме ең?

Солардың мен де бірі,

Алғыс ап, ата көрген.

...Басында белгі де жоқ,

Өкініш... Ұқтым жайын...

...Мойнына бұл салмақты,

Ешкімнің жүк қылмайын...

Шілде, 1995 ж.