ВЕРНУТЬСЯ

   Тілі басқа, діні бөлек жұрт ұққан,

Бұ тірлікте жанға тірек бір тұтқам -

Үш жүз алпыс Маңғыстауда әулием,

Қанша ғасыр қанша ұрпақ "Пір" тұтқан.

Нұрландырып сөнген талай жаныңды,

Аластаған жын-періден маңыңды.

Адалданар Сіздерді ойлап адамдар,

Бар құдірет өздеріңмен нанымды.

Әулиелер - қасиетгі бабалар!..

Аруаққа табынбаса азады ар.

Сіздер - иман, кісіліктің бастауы,

Рухтарың ұрпақ жанын тазалар...

Мойындаса барша жұрт қасиетін

Тіріге де, өліге бас иесің.

Үш жүз алпыс әулием - орның қайда,

Бас-басыңа оба ғып тас үйетін.

Ой туады оңаша толғатқанда,

Heгe үстеме қосады зорлап санға?..

...Мүмкін, онда бәсеке жоқ болар деп,

Барлығыңа бір белгі орнатсам ба?..

* * *

Еңсені басқан бодандық серпіп түнегін,

Мақсатқа жетіп, арманды Адай, түледің.

Жалғанып дөме, үзілмей үміт келгені

Үш жүз алпыс әулиелерім бір-бір күн едің.

Ешкімнен қорқып саспаған Адай ежелден,

Әупірім халық, атойлап шауып көп өлген.

Безбені шоқпар, қырғышы қылыш қапыда,

Найза боп уық жауына сұсты кезелген.

Аңқаулау халық, күтпеген қауіп тасадан,

Тасыр ғып, даңғой, жараттың қалай, Жасаған...

Өнерлі халық, ұлдары қандай өрелі,

Бүгінгі Әбіш, кешегі Абыл, Қашаған.

Бейқамдау халық, аздау ма зекет, батасы,

Сене ме желеп, жебер деп Бекет атасы.

Кеңеске кеше қанша рет айбат көрсеткен,

Иілмей сынар шар болат сыкды сапасы.

Ар-намыс емес сақтайды жанын сұм кісі,

Мың жауға он боп тиісіп Қармыс... тынды ісі.

Шашылған сүйек, шыққан жан тіпті жиналар

Желесе Шопан, жебесе ата Мың кісі.

...Өмірге неге өкпелі келер бар адам,

"Төңкерме" сораң тамаққа кеше жараған.

Шыдаған талай сұрапыл ауыртпалыққа,

Оңалған елміз, Отан соғыс салған жарадан.

Сағына сені - Бостандық - күттік, сені біз,

Ашылды көңіл, сейілді бұлттан көгіміз.

Шыдасақ аз күн нарықтың тапшылығына,

Болар-ау ұмыт өмірге кеткен кегіміз.

Көжеге бола шоқпарын қолға алмаған,

Шетінен батыр, шетінен мәрттер - нар адам.

Қанағат, шыдам, қайсарлық біздің теңіміз,

Әулие халық - әулиелерден тараған...