ВЕРНУТЬСЯ

    Арман жай - Жерде ме екен, Көкте ме екен?

Бар адам арман қуған, қайтсе жетем?

Мен Сені іздеп келем үміт етіп,

Алланың нұры жауған Мекке мекен!

Өтпесін өкінішпен қалған дәурен -

Тоқталық бұ тірлікті "жалған" деуден.

"Бұ" жақты жалғастырсақ "О" жақ пенен,

Бермей ме бәрімізге бір Аллаң дем.

Жігіттер артың күнә, алдың қандай?

Түгендел Алла алдына жарты бармай.

Тілендер, бес күн тірлік өте шығар,

Алладан кешірімді, қапы қалмай.

Медина-Мекке жолында. 24.10.2003.