ВЕРНУТЬСЯ

     Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Өкпеме суық
тигізіп алып, үш айдан астам уакыт төсек тартып
жатып алдым. Содан жаңада ғана басымды көтере бастадым, бірақ әлі де болса сауыға қойғаным жоқ, қатты-қатты
жөтелемін. Қарғыс атқан ауыруға тап болдым, бірақ не шара? Біз екеуіміздің
жүрісімізден алыс жолдар денсаулыққа
із қалдырмай қоймайтын болса керек, байкайсыз ба? Мені құрт ауруға шалдығасын деп те қорқытып жүр. Орынборға биыл қашан барарымды білмеймін. Торғай облысы жойылады екен,
Торғай, Ырғыз уездері Сырдария губерниясына, ал Николаевскі, Елек уездері Орынбор
губерниясына қосылады екен деген хабардың анығын білгім келеді. Онда менің қызмет
орнымды қайтер екен, Туркістан оқу округіне, не Орынбор оқу округіне бағындыра
ма екен, әлде бұл қызмет орнын мүлдем жойып жібере ме екен? Менің өз басыма
қалғанда, қызмет орныма ешбір қиналмаймын, егер бұдан былай да қызмет ете бергім
келсе,- әкімшілік жөнінен де қызмет табамын; бірақ, егер жоғарыда айтылған өзгерістер
шындығында болатьын болса, менің оқу жөнінде келешекте істегелі жүрген ойымның
бәрі және казір қолға алып жүрген жұмыстарымның бәрі босқа кететін болады. Менің
қиналатыным тек осы ғана. Сондықтан, мұндағы қазақтардың жалпы жайы олардың қазіргі
экономикалық жағдайында тағы да нашарлай түсетінін айтпағанда, Торғай облысының
тағдыры мені осы себептерден ойландырады.
            Оқу дүниесінде
бастықтардың не жасап жатқанын білу де, әрине, бөтен болмас еді. Инспектор
мырза... В-нын, көмегімен Троицкідегі қазақ мектебін өз қарамағына алуды сұранып жатқан көрінеді. Троицкідегі
мектеп қазір біржола аяққа басып, оның ісі озат жақсы жүріп жатыр еді; сірә, Р. оны қайтадан бүлдіргісі келетін
болар; ал оның бержағында, ол
мектепке арналып Ново-Николаевскіде жаңа
үй салынып жатыр. Келесі оқу жылынын, басында ол мектеп соған көшеді. Р. ондай мектепті өз ауданында, өзбетімен салдырып, жолға қоя алмайтын
болғандықтан және оған оның қабілеті
жетпейтіндігінен, жұрттың айтуына қарағанда, ол өзінде сондай бір бұратана мектеп
болуын өте тәуір көретін сияқты.
Мен Сізге
көптен хат жазған жоқ едім; Сізден ешбір хабар
болмай кеткен соң осы хатымды жазып отырмын. Тәртіпсіздеу жазылғанына кешірім етерсіз. Бұдан артық жазуға
халім келетін емес,- қолым талды.
Сізге әрқашан да шын берілген және бағынышты қызметшіңіз
И. АЛТЫНСАРИН.
1883 жыл, 2 август.
Костанай деген жер.