ВЕРНУТЬСЯ

        Қымбатты Василий Владимирович!
     Сізден көптен
бері ешбір хабарым жоқ; сірә, округте командировкада
жүрген боларсыз. Біздің сүйікті Торғайымыз ешбір жанның есіне келмеген үлкен
апатқа ұшырады. Бұрын гүлденген, бай уезд еді, енді
қайыршы уезд болып қалды. Бұрын 1500 жылқысы бар адамдардың қолында қазір 1-2
ғана жылқысы қалды. Енді қазір халыққа мал уайым емес, адам басына түскен
ашаршылық уайым болып отыр. Қара бидай ұнының пұты 7-8 сом; шөптің пұты 1 coм;
сұлының пұты 5-6 сом. Ал қазір ақшаға ешнәрсе табылмайды. Мен өз өмірімнің ішінде
ашықкан адамдарды көрген емес едім, бұл өте бір жан түршігерлік жағдай екен. Бар тапқанымнан, бар дәулетімнен
бақытсыз бір қыстың ішінде айырылып
болдым. Менін, сорыма, қысқа дайындалатын
кезде, яғни қыстың бас кезінде Орынборда болдым.
Ал інім, тіпті, жазған және ауызба-ауыз тапсырған нәрселерімді де орындамапты.
Бірақ басқа жұртқа қарағанда біздің
жайымыз жақсы ғой,- біздің істеп жүрген қызметіміз
бар, бас бар, аз да болса біліміміз бар, жұмыс істей алатын қолымыз бар. Ал мынау қайыршылық халге түскен халық не күн көрмекші? Торғай бүкіл
қыс бойына кар астында жатты.
Үй мен үй өзара төбемен жүріп
қатынасты, үйге қар
басқалдақпен түсіп кіріп жүрді.
            Мен қыс бойы Троицкіге
баруға әзірленген едім, бірақ бүкіл бір уезден Николаевскі уезінің шетіне ғана жеткізіп
салатын көлік табылмады. Троицкіде Воскобой-
ников пен уезд бастықтарынын
арасы шиеленісіп кеткен көрінеді. Пәтер үй жөнінде С-втікі дүрыс емес екенінде күмән
жоқ, бірақ, екінші жағынан, Воскобойниковтын өзі де
шектен шыққан қиянаттар жасады, мысалы, өз басынын қамын көздеп, қазақ оқушыларына нан мен
судан басқа ешнәрсе бермей отыр деген сияқты хабар алып отырмын. Қалай болғанмен де, меніңше, бұл жанжалға тыйым салуымыз керек.
Өйтпесек уезд бастықтары уездегі оқу жұмысының ойдағыдай жүруіне кәп кесел
жасауы мүмкін Олай қарай қазір-ақ жүріп кетер едім, бірақ ешкандай мүмкіншілік
болмай отыр. Ырғыздағы ісіміз жаман емес; мектептің шаруашылық мүліктері жеткізілді.
Енді келесі жаздан немесе көктемнен бастап оның бірқатар бөлмелері мен қосалкы
үйлерін мектеп мүддесіне лайыктау ғана калып отыр. Оны біз келесі оқу жылына дейін
істеп бітіреміз. Губернаторға
жеке хат жазып, соңынан қалмай, тікелей байланысуымның нәтижесінде Торғайда,
біздің жалпы жобамызға сәйкес жана
мектеп салу жұмысына кірісуге рұқсат
алынды; мен бұл жұмыска 1000 сом ақша алып, оны
кірпіш дайындауға және үй салатын шеберлерге задатқа беріп те отырмын. Бірақ,
жұрт жаз жауынды болады деседі,- ол
шикі кірпіштен салынатын үйге өте қолайсыз болады.
Дегенмен бұл үйді күзге дейін
салып бітіруге барынша тырысып бағам. Мектеп үйінің планын біз өзіміз үшін өте қолайлы етіп жасадық; ал мектеп қазнасының есебінен салынбайтын
болғандықтан, оны бастықтарға көрсетпесек те болады ғой деп
таптык. Әйтпесе оны архитекторлар қарап, ана жерін, мына жерін өзгерт деп, жұмыстың ойдағыдай жүруіне кедергі жасайды ғой.
Мектептің жаңа үйі салынып болғаннан кейін мектеп ұстау жөніндегі біздің жаңа
жобамыз оған қолданылатын болар деп
ойлаймын. Сондықтан, Торғай мектебінің схемасын өзгерту
жөніндегі осымен бірге жіберіп отырған ұсынысымды, әрине, мектеп үйі салынып болмас бұрын, ерте бастан қолдансақ жақсы болар еді. Бұл ұсынысты
да, баскаларды да, қолайсыз көретін болса, аяқсыз
калдыра саларсыз, тек ол жөнінде
маған хабарлап қойғансыз. Бірақ бұл сұранып отырған
өзгерістеріміз іс жүзінде өте керекті, өйткені, уезд және қазна басқармалары
кейде бұған қиқаң шығарады. Ал қазір жағдайы өзгергендігінен, әсіресе, Ырғыз мектебінің
сметасын қайта қарау керек
болып отыр. Ол мектепке үй
жалдауға 240 сом, оқытушының пәтер үйін жалдауға 120 сом ақша қаралған еді ғой.
Ал қазір онда қазнадан пәтер беріп отырмыз. Почта көптен бері жүрмей жатыр, -
бір айдай болып қалды.
Сізге және сіздің жұбайыңызға менен жалыңды сәлем.
Сіздің адал қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
 
1880 жыл, 4 апрель.
Торғай қаласы.