ВЕРНУТЬСЯ

     Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Ноябрьдің 29
күні Орынбордан шығып, декабрьдің 19да ғана Торғайға жеттім. Жолда үздіксіз,
қатты борандар болып, үлкен қыйыншылықтарға кездестім. Бұл есіме түскенде, тіпті, тұла бойым
тітіркеп қоя береді. Осы
жағдайларда жүріп, біздің уезімізді аралап жүргенде, Сіздін көрген осындай қиыншылықтарыңызды да талай есіме
түсірдім. Бірақ, таныс жерде және күздігүні жүріп мен, әрине, Сіздің көрген қиыншылығыңыздай қиыншылық көрмеген болар едім. Ал мына
менің жолымда, біз табиғаттың аса
қауіпті және ешбір тәжрибеге көнбейтін күштеріне тап болдық.
Дегенмен, құдайға шүкір, мұның
бәрі де енді ұмытылып
келеді. Ұмытылмайтын шарасы да болмады, өйткені,
үйіме келсем, үйімде малыма берер бір тал шөбім де, жағар отыным да жоқ екен, отын мен шөбімді таудай боп үйілген қар басып калыпты, мұндай карды Торғай өте сирек көрген еді. Сондықтан отын шөп тауып
алу жөніндегі және, менің сорыма, биыл
Торғайға айдап әкелген малымды сақтап
қалу жөніндегі жұмыстарым
менін барлық уақытымды алды, қазірде де барлык уақытым осыған кетіп отыр. Қыс жаңа ғана басталып келеді, ал біздін мал шаруашылығымен
шұғылданатын шаруаларымыздың жайы қазірдің өзінде-ақ өте жаманға айналды; бұл
қыс қандай қыс боларын білмеймін, бірақ, бұдан ешбір жақсылық күтуге болмайтын
сияқты.
Осы үй шаруашылығымның арасында біздің жаңа мектептер
туралы жобамыздың ақыры не болар екен деп жиі және көп ойланамын. Бастапқы
кезде істің беталысы ойдағыдай сиякты еді, бірақ, біздің облыстық басқармамызда
бұл мектептерді салу жөнінде ешнәрсе істеліп жатыр ма екен, түрлі жағдайларды
сылтау қылып, іске кесел келтірмес пе екен? Шынына келгенде, қадірлі Василий
Владимирович, казақ арасындағы халық ағарту ісінің табысты болуы біздің
жобамыздың мүмкін болғанынша тез орындалуына байланысты ғой. Біз («біз» деп мен
бұл арада мектеп салу мәселесін шеше алатын үлкен адамдарды айтып отырмын)
ылғый ойланамыз, толғанамыз, толып жатқан кағаз жазамыз, әртүрлі кедергі
дәлелдер табамыз, бұл дәлелдеріміз кейде жергілікті жағдайдан емес, кейбіреулердің
жеке басының кесірінен туады. Ал қазір өткінші жағдайда тұрған халкымыз рухани
нәр тілеп отыр, бұл нәрді ол амалсыздан надан адамдардың қолынан татып отыр,
сол нәрді ашқарақтана жұтып, езінің сау денесін ауруға шалдықтырып жатыр.
Сіз, Василий Владимирович жұлдыздарға жақынсыз ғой,
сондықтан оларға қолыңыздан келгенінше әсер етіп, жобаланған мектептерді ашу
жұмысын асықтырыңыз. Дін заңдарының бәрінде де құдай қайырымды және әділ дейді ғой,
ол Сізге де шапағатын тигізер! Біздің Ырғыз бен Торғайдағы жас оқытушыларымыз
жұмыстарын жаман жүргізіп жатқан жоқ; мен оларға ризамын. Троицкідегі Воскобойников
дейтін оқытушымыз Троицкіден кеткісі келетін көрінеді, бірақ оның маған жазған
қағазынан осы сірә өте іскер адам-ау деп шамалап, кетуге асықпа деп хат жаздым,
оны, Сіз жобалаған 450 сом ақшаны беремін деп сендірдім. Оның бұған не
дейтінін білмеймін. Оның жазған екі қағазын не істерімді білмегендіктен, Сізге
жіберіп отырмын. Мұндағы оқытушыларға
мен география сабағын: «География оқу кітабы, Математикалық, физикалық және саяси географиялардан жалпы
мәлімет. Төменгі оқу орындарының
курсы» деген кітап бойынша
беріндер дедім. (құрастырған К.
Смирнов. Түзетіліп XX рет басылуы. С.
Петербург. Э. Арнголъд баспаханасы. Лит № 59). ҚысҚа және түсінікті
жазылғандықтан, бұл кітап маған өте ұнап
кетті. Сондықтан, бұл кітапты әрбір мектепке 20 дана жібер деп, кітап дүкеніне бұйрық беруді мүмкін таппас па екенсіз, ал оның ақшасын оқу құралына
белгіленген ақы есебінен
әрбір мектеп арқылы жіберілер еді.
Тарих сабағын
сірә, Иловайскийдің оқу құралы бойынша оқытуға тура келер деймін, бірақ бұл оқу құралы менің өзіме онша ұнамайды; сөйтсе де, мұны қолданбай амалымыз жоқ, өйткені, басқа
лайықты кітапты керген жоқпын. Маған Биллярминовтың «Жалпы тарих пен орыс тарихының қысқаша курсы» өте
ұнайды. Бұл кітап та кысқаша жазылған, бірақ қажетті мәліметтердің бәрі бар. Тарих
ты осы кітап бойынша оқытсақ қайтеді? Өйткені, орыс тарихын жеке алсақ, онда
балалардың білімін өсіретін әртүрлі мәліметтер өте кем ғой, ал әлгі айтқан
кітабымыздың көлемі «Орыс тарихының» көлемінен үлкен емес, сөйтсек, мүны әткениен
кейін балалар да менің ойымша өте кең түсінік алар еді. Егер де Сіз менің бұл
пікіріме қосылсаңыз, онда, құдай үшін, маған хабарлаңыз және Орынбордың кітап
дүкеніне сол кітаптарды әрбір мектепке жібер деп хабарлағайсыз. Мен өз
жөнімнен, қажет болатын болса, бұл кітапқа шығатын шығындарды жабудың амалын қарап
көрейін, немесе, әрбір мектеп бойынша қалған ақшаны осы кітаптарды сатып алуға
жұмсауды қажет деп таппас па екенсіз? Бұл кітаптардан Смирновтың кітабы 40 тыйын, ал Беллярминовтың кітабы - 1 сом.
Менің қазақ
балаларын оқыту жөніндегі жоспарым мынадай:
1-КЛАСС
1.         Бұл
жұмысты балалар менің оқу құралым бойынша хат
танығаннан кейін бастау;
2.         Сонымен қатар, таза жазуға үйрету және орыстық жеңіл жазылған хрестоматияларын (Толстой
хрестоматиясы) оқыту, өздері білмеген орыс сөздерін жазып алу және
жаттату үшін, балаларға тетрадь беру;
3.         Менің оку құралымды өткеннен кейін қазақ хрестоматиясын және онымен қатар, Водовозовтың орыс хрестоматиясын оқыту, оқыған жерлерін түсіндіру және қазақ хрестоматиясынан қазақшаны орысшаға аударып жазу;
4.         Кубиктер және счеттер арқылы есеп үйрету.
2-класс
1.         Оқыған жерлерін түсіндіре отырып және грамматиқасын талдай
отырып, орыс тілінен казақ тіліне аударту;
2.         Тарих;
3.         География және табиғат кұбылыстары;
4.         Есеп, бөлшекке дейін.
Соңғы жылы «жазба түрінде іс жүргізу
жайын» жаздыру, және оқыту.
Міне, осының барлығы жайында Сіз маған өз
пікіріңізді білдірсеңіз жақсы болар еді. Василий Владимироиич, хатымның тәртіпсіз жазылғанына кешірім сұраймын.
Мен Сізге ресми адам сияқты емес, қайрымды, маған ниеті дұрыс достым сияқты қарауға
дағдыланып кеттім, сондықтан, менің хаттарым да аса тәртіпсіздеу болады,- мен
мұны сеземін, бірақ жақсы адамдарға хатты басқа түрде жаза алмаймын. Жұбайыңызға менен көп-көп сәлем
айтыңыз.
  Сізге өте шын берілген қызметшіңіз
И. АЛТЫНСАРИН.
27 декабрь, 1879 жыл.
Торғай қаласы.