ВЕРНУТЬСЯ

    Сүйікті досым!
    Мен кеше түнде келіп едім, бірақ ешқайсыңды да ешнәрсені де көре алмай отырмын. Тезірек келіңіз және заказ берген столдарыңызды да мұнда жеткізіңіз. Сонымен
қабат, Орынбордан осы айдың 17 күні жіберілген біздің жүгіміз қайда түскенін біліңіз, кірешілер Гирьял мен Красногорскінің арасындағы Новочеркаскі станицасының адамдары болып шықты; оларды асықтырыңыз, бүгіннен немесе ертеңнен қалдырмай жүкті осында жеткізсін. Егер бұл жұмысқа Сіздің өз басыңыздың араласуы керек болатын болса, әуелі сол жүкті, осында жеткізудің қамын істеңіз, сонан кейін-ақ келерсіз, өйткені, мектеп ашу жұмысына алдымен керек болатын заттардың бәрі де сол жүктің ішінде. Мен де асығып отырмын, күтпегенде қыс түсіп барады. Қірешілер Гирьял станицасындағы Новочеркаск поселкесінің адамдары Степан және Василий Петровтар. Егер олар жүгімен Гирьялға келмеген болса, онда Петровтарға (жалдап) ат шаптырыңыз, жүгімен тез жетсін деңіз және ол арадан өткел таба алмайтын болса, Жайықтан Алабайталдың түбінен өтуге болады деп жазып жіберініз. Алабайталдың түбінде паром бар, ол жерден өзіміз де көмектесерміз.
Бұл жүктерді тез жеткізуге тығыз қам ете көріңіз.
Бағынышты қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН
1881 жыл, 21 октябрь.