ВЕРНУТЬСЯ

         Аса қадірлі Василий Владимирович!
       Ақырында ұлы мәртебелі бастығымызды да
жөнелттік. Сентябрьдің 19-да Орскіден тура Қостанайға карай шығьщ, бүған 22 сінде келдім. Сентябрьдің
23 нде ұлы мәртебелі бастығымызды алдынан, оның өз өтініші бойынша. Тройцкіге өзіңіз білетін тілмаш
Досжанды жібердім; попечитель Қостанайға 29 күні кешке таман келіп, 30 күні сонда болды да, октябрьдің 1 күні,
тура жолмен Орскіге жету үшін,
Николаевскі станциясына қарай жүріп кетті. Мен оны Қостанайдан 120 шақырым
жердегі Николаевскі станицасына дейін
шығарып салдым. Қостанай
мектептеріне, әсіресе олардың шаруашылығына және орыс тілін оқыту жөніндегі
табыстарына ол риза болған тәрізді. Ол 2-класс оқушыларынық есеп жөніндегі
білімдерін нашарлау деп тапты. Бұл түсінікті де. Өзіңіз де білесіз, бізде
1-класта орыстың тілі мен жазуын үйретуге көбірек зер салынады да, есептен тек жай
төрт амал ғана өтіледі. Попечитель мырза оқушылардың міне осы күйіне кездесіп
отыр. Бірақ ол 2-класс оқушыларының программа бойынша көбірек білуі тиіс екенін
айтты. Мен оған: бізге программаны мүлтіксіз қолдануға болмайтынын, өйткені, 1-класта
бір ауыз орыс тілін білмейтін қазақ балалары оқитынын, сондықтан оларға ең
әуелі орыс тілін үйренігі алуы керек екенін, 2-класқа өткенде орьіс оқытушының
оқытуын толық түсінетін болуы керек екенін, ал есеп сабағының тиісті көлемін
екінші жыл бойында, 2-класта олар бәрі бір өтіп үлгіретінін түсіндірдім. Менің
бұл дәлеліме ұлы мәртебелі бастық қанағаттанған сияқты болды.
Жалпы
айтқанда, попечитель қатты риза болғандай, көңілді жүрді. Егер көңіліне бір
күдік сақтап, бізге онысын айтпай қойған болса,- онда бұл оның өз
ісі ғой. Міне, попечительдің
біздің мектептерімізді аралауы жайында менің Сізге айтарым осы. Мен әзір
жазу-сызуларыммен айналысып жатырмын. Жуырда, октябрьдің 10 шамасында Торғайға
жүрмекпін, сол жақтан Ырғызға, Қарабұтаққа, ал егер үлгіре алсам Ақтөбеге де
барып қайтпақпын. Бірақ, Ақтөбеге қысқа дейін барып үлгіре алмаймын-ау деймін.
Жаза қойғандай
әзір бөтен ешнәрсе жоқ. Евпраксия
Васильевнаға аса құрметтейтінімді білдірем. Өз үйішім, құдайға шүкір, тегіс
аман.
Өзіңіздің шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1888 жыл, 6 октябрь.
Қостанай.