ВЕРНУТЬСЯ

    Аса сүйікті досым Арсений
Андреевич!
   Бір асығыс
іспен тағы да Сіздің тұрған
жеріңіздің жанымен Орынборға карай
етіп бара жатырмын. Қасымда
губернатордың ерекше тапсырмаларын орындайтын чиновнигі Федоров бар, сондықтан Сізге бұрыла
алмадым; ол, қазір қар еріп жатқандықтан, ешбір кешеуілдегісі келмейді. Ғафу етерсіз. Мен Сізге көп ұзамай келетін болармын. Ал егер менің өзіме айтайын деген бір нәрсеңіз болса, онда хатты Василий
Владимирович Катаринский арқылы
немесе артиллеристер казармасның
жанындағы Щербаковтың үйінде тұратын ГІетр Ларинович Федоров арқылы Орынборға
жазыңыз.
Сізді құшағыма
қыстым. Әзірге, көріскенімізше, сүйікті досым, сау бола тұрыңыз.
Сіздің И. АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.
31 март.
Гарьял. станциясы.