ВЕРНУТЬСЯ

     Аса қадірлі Василий Владимирович!
   Попечительге мен Троидкіде жолықтым; ол Қостанайға
барамын деп отырған соң, оның жолындағы казак станцияларын алдын-ала ескертейін
және Қостанайдан пәтер дайындап қояйын деген оймен одан бұрын жүріп кеттім. Мұным
тіпті жақсы болған екен, өйткені, көп станцияларда дайын ат жоқ екен, кейбір
станциялардың арасында жол жоқ екен; осының кесірінен Троицкіден қайтқан
жолымда мен де төрт сағаттай адастым. Түн тастай қараңғы еді. Қостанайға
ол түнгі сағат 2,5 да келді; ертеңіне сағат 9 дан бастап 1 ге
дейін окушылардан өзі емтихан
алды, мектеп үйін көрді, оқу кұралдарын және басқаларды тегіс қарап шықты.
Мектеп үйі оңдалып жатқандықтан, шәкірттеріміз жазғы демалыстан
кешігіңкіреп, жаңа ғана жыйналған еді;
сөйтсе де попечитель барлық ісімізге де, яғни мекептің оқу, шаруашылық жұмыстарына риза болып кетті ғой деймін. Олай дейтінім: ризалық
білдіргеннен басқа ешнәрсе айтпады. Сөйлесуім керек деген мәселелерім жайында
попечительмен түгел сөйлесіп калдым. Эконом туралы ол менен: дербес эконом ұстау керек
деген пікір сіздің өзіңіздің ойыңыз ба, деп сұрады; мен оған: біржағынан, менің өз ойым еді,
бұл ой жергілікті өкімет бастықтарының орынсыз сөз шығара беруінен
туып еді, сондықтан мен шаруашылық жағынан құтылып, осының нәтижеіснде оқытушыларды да орынсыз сөздерден біржолата
құтқарғым келіп еді, дегенді айттым. Бұған ол:
губернатордың мектепке артық ақша жұмсалып жатыр
деуі, шынында да, орынсыз сөз, мұны айтқанда ол, тіпті, әлі күнге ешбір мектепті көрмей және әрбір мектепке қанша ақша жұмсалып жатқанын білмей айтып отыр деді. Сондықтан, ол өзге мектепке жұмсалып жатқан қаражаттың бас-аяғы түгел ведомосын жіберуді сұрады; сонымен қабат ешбір артық ақша жұмсалып жатыр
деп білмейтінін айтты. Уезд бастықтарының мектепке сырт
беріп кетпеулері үшін және мектептерге материалдық
жағынан көмек көрсетуден бастартпаулары үшін
мектеп басқару жұмыстарына
олардың кейбір ресми қатнастары
пайдалы да болар еді дегеніме қарамастан,
ол кісі уезд бастықтарының мектептерге ресми басшылық жасауына
жол берілмесін деді. Қыздар мектебі
мен ауыл шаруашылығы мектебі жайында попечитель оларды ашу әзірге ертерек болар
деген пікірді қолдайтын сияқты; сөйтсе де,
қазақтарға білім беру мәселесі және оның тәртіптері жайында ерекше бір баяндама жазып, маған жіберерсіз деді.
Болыстық мектептер жайында, мен Сізді ресми түрде мәселе көтергелі жүр дедім. Әзірге жаңағы айтқан
баяндамасын жазып үлгірген жоқпын. Мұндай баяндаманы бұдан
бұрын да 10 рет жазғанмын,
сондықтан бұл баяндамамдада
бұрынғы жазғандарымды қайталаймын
ғой. Үлгірмеген себебім - попечитель кетісімен, Костанайдағы мектеп салу жұмысын тексеретін тексерушілер келіп, мен бұл мектепті салу
комиссиясының мүшесі
болғандығымнан және Михайлов
марқұм бұл істі тым шатастырып кеткендігінен, менің
тексеруге қатнасуым керек болды. Егер баяндама жайында сөз бола қалса (маған оны октябрдің 10на тапсыр деген), онда Николай
Парфентьевичке айтарсыз, мен оны осы айдын 20 нда болмаса 25 нен қалдырмай
жазып жіберемін. Попечительдің
тексеруі жайында жазарлықтай бұдан өзге ешнәрсе жоқ
қой деймін.
Күн әзір жылы.
Бірақ соңғы күндері кейде жаңбыр, кейде қар жауып тұр.
Балалардың ауыра беретіні ауа райының
осындай құбыла беретінен ғой
деймін, менің бес айлық кішкентай
қызым ауырып жатыр. Дәрігеріміз
нашар; дәрі-дәрмек, яғни аптека жоқ. Өте қиын болып тұр.
Евпраксия
Васильевнаға менен жалынды
сәлем.
Сізге шын көңілмен берілген
қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
1885 жьіл, 12 октябрь.
Қостанай қаласы.