ВЕРНУТЬСЯ

       Аса құрметті Василий Владимирович!
     Сізден көптен ібері бір ауыз хабар алған жоқпын, сондықтан, менің хаттарым Сізге жетпей
жатыр-ау деп ойлаймын. Менің бұл хатымды жазып отырған мақсатым: Сіздің алдыңызда істеген бір ұятым үшін Сізден
кешірім сүрау болып отыр. Троицкі мектебінің меңгерушісі Воскобойников мектеп үйінің
қолайсыздығын айтып әрбір почта сайын
маған  жаза береді; шындығында да, ол үйдің барлық
жағынан қолайсыз екені рас. Екі кластық мектепті орнегі ғана бар бір кішкене
бөлмеге сыйғызуға: болар ма? Ал оның бержағында, мектепке үй жалдап алуға босатылған
300 сом ақшаға Троицкіден,барлық жағдайы бар, жақсы үй жалдап алуға болады.
Жаман үйді жақсы үйге ауыстырып алуға мүмкіндік болып тұрған кезде, оқушыларды
лашықта, ал оқытушыны ауыз үйде ұстау мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Міне осы қоғам
ісіне келіп бір адамның қарабасының қамы араласты да, осылай істеу мүмкін деп
табылды; өйткені жаңағы лашық уезд начальнигінің лашығы еді, ал мектеп оған
Троицкідегі ең жақсы үйлерге төленетін ақшаны төлейді. Мен бұл жағдайда, шынымды
айтайын, мен нестерімді білмедім, неге десеңіз, бірінші жағынан, жеке адамның іқамы
үшін мектепті осындай әділетсіздіктен тыс, қиыншылық жағдайда қоюға болмайды; өйткені,
бұл лашықта адамша тұруға болмайтынын былай қоя тұрғанда, ол оқу ісіне де,
балаларды тәрбиелеу ісіне де үлкен зиян келтіреді. Ал, екінші жағынан, келешекте
мектеп ісін жолға қою жұмысы көбінесе осы уезд начальнигіне байланысты; сондықтан,
оны ренжітіп алу да аса қауіпті. Дегенмен, қанша қиналсам да, ақырында келіп
Вошобойниковтың орынды талабына қосылуға тиіс болдым, сөйтіп, «Троицкі
мектебінің үйін округтік инспектор де қолайсыз деп отыр» деп жаздым. Мен міне осыны
айтқаным үшін Сізіден кешірім сұраймын; өйткені, бұл Сізді - С-втің алдында
қолайсыз жағдайға қалдырады. Бұл арада мен оқытушы осылай деп отыр десем, уезд начальнигің
оның үнемі алаңсыз болуына жол ашамын, ал мұндай жағдай мектеп жұмысына кесірін
тигізер деп ойладым. Ал мектеп жұмысының жолға қойылуы үшін мен онымен қалайша
тату болуым
керек болды; сондықтан, бұл жазуыма, Троицкідегі мектеп үйінің қолайсыздығы
жайындағы әңгіме жалпы оқу бастықтарының қортындысы еді деген сипат бергім
келді. Бұл мәселеде менің қулық жасағандығым болғанымен де, бұл бір жарынан дұрыс
та-ғой. Қазақтарда: «Түйенің үлкені көшрден таяқ жейді» деген мақал бар, мен де
осы мақал бойынша істеп отырмын. Менің жазған қағазым С-вты әбігіерлеіндірген
болса керек, оның жақын адамдары мектепті қайтадан соның лашығына әкел деп өтініш
жасады. Ал мен, оқу жөніндегі бастықтарымыз еңалдымен мектеп үйінің қолайлы
болуының қамын істе, өйтпейінше, дұрыс оқыту да, жөнді тәрбие беру де мүмкін емес-
деп отыр дегенді айтып, бұл өтінішін орындаудан сыпайы түрде бастарттым.
Ырғыздары бастықтардың істегені бұдан да жаман. Р-дың
мектеп үйін пәтер етіп алғаны былай тұрсын, оның үстіне уезд басқармасын да  сонда көшіріпті; ол-ол ма, мектеп үйін тағы
бір саудагерге де жалдапты, ал оқушыларды шоланға апарып орналастырыпты. Бұған мен
әуелгі кезде қатты ашуландым; сол бойда барып, алдымен, әриие, Р-дың жібергени
саудагерін қуып шықтым. Бірақ уезд иачальнигін қуып шығуға шамам келмеді. Сондықтан,
оған жаз шығысымен басқа пәтерге көшіңіз деп қана ұсыныс жасадым. Бұл жерде мектептің
де пайдасы бар, өйткені Р-сыз быйыл ЬІрғыз мектебі отынсыз қалатын еді, қазір
мектепті жылытып отырған сол. Бірақ мен, қалай болғанмен де, оған бұл үшін
ешбір ақша төлей қоймаспын. Басқа адам тұрған үш бөлмені босатып алғаннан кейін
мектептің тұрмысы біраз дұрыстала бастаса да, оқушылар әлі қысылтаяң жағдайда.
Міне, қымбатты Василий Владимирович, дала әкімдерінің-
үкімет оларға көп үміт артып, бұрынғы қазақ әкімдерінің орнына апарып қойған әкімдердің-
халық ағарту жұмысы жөніндегі қамы осындай. Қарабасының мүддесі  ірі қоғамдық іске зиян келтіріп, бұл істі аяқ
асты қалдырып отырған адамдардың осы сияқты ұсақ-түйек мүддесін басқа біреуге
айтып жатудың өзі қиын. Келешекте не боларын білмеймін, бірақ жергілікті
әкімдер тарапынан ешбір жақсылық күтуге болмайтын сыяқты. Көп қолайсыздықтарға
да ұшырауға тура келетін болар; ал мұның ең жаманы - халықтың қараңғылығымен
емес, қоғамның әл-ауқаты мен мәдениетін көтеруге көмектесу үшін үкімет өзі
қойып отырған білімді адамдарымен күресуге тура келеді. Ал біздің мектептер
жайындағы жобамыздың не күйде екенінен ештеңе білмейсіз бе? Мен Троицкіге
баруға әзірленіп едім, бірақ оған ешбір мүмкіндік болмады. Мұндағы болып жатқан
апаттың қандай екенін сіз білмейсіз ғой. Декабрьдің бас кезінен бастап осы
күнге дейін үздіксіз суық боран соғып тұр. Мал қора-қорасымен қырылып жатыр;
оны жұрт енді әңгіме етуді де қойды. Ең басты бәле - аштан және суықтан адам
өліп жатыр. Ашаршылыққа ұшыраған жандар етегіңнен алып, жәрдем сұрап жол бермейді.
Барлық мүмкіншілікті істеп жатырмыз, бірақ 14 мың үй халыққа біздің жәрдеміміз
не болады!
«Халық оқуы әдебиетінің жүйелі шолуы» деген
кітапқа нұсқағаныңыз үшін Сізге көп рақмет. Бұл құнды кітап екен, мен қазір оны
оқушыларымыздыд қолынан тастамай оқитын кітабы болуы үшін, соларға ібсрейіік
деп өз есебіме үш данасын жаздырып алғалы жатырмын. Келесі хатқа дейін сау болыңыз.
Жұбайыңызға менен сәлем айтыңыз.
Сізге шын көңілімен берілген қызметшіңіз И. АЛТЫНСАРИН.
Мектепке керекті кітаптар мен нұсқаулар жаздырып алуға
керекті ақшаны қайдан алатынымыз жөнінде мен Сіздің алдыңызға ресми түрде сұрау
қойып едім, менің жазғаным бойынша мүмкін мұны Сіз өзіңіз де қажет деп табатын
боларсыз. Оның үстіне мен попечительден мектептерде құрметті қамқоршылар
лауазымын енгізуді сұрап едім. Менің бұл талаптарымның жүзеге асуына жәрдемдесуіңізді
өтінемін.
   4 февраль, 1880 жыл.
Торғай қаласы.