ВЕРНУТЬСЯ

Жан сырымды игеруге бол асық,«Жүрегiмде толып жатыр қазына!»Дұшпаныммен бара алмаймын таласып,Мен өзiмдi түсiнбейтiн қазыға: Биiгiме жетер ем ғой жәйлап та,Бiрақ атқа қамшы басам борбайлап.Жақсы адамдар қоршап жүрген аймақта,Жаман болғым келмейдi-ақ!.. Жүрегiме болса деймiн ел ғашық,Елiм-жұртым жатырған соң көңiлде.Бiр жамандық жүрген кезде жер басып,Жаманатым жетедi ғой менiң де!.. Жан сырымды игеруге бол асық,«Жүрегiмде толып жатыр қазына...»Дұшпаныммен бара алмаймын таласып,Мен өзiмдi түсiнбейтiн қазыға!..                               31.03.1968 жыл.