ВЕРНУТЬСЯ

Нұрлан Оразалинге------------------------- Үш томдық кітабыңыз қолға тиіп,Мен ауылға оралдым...Олжаны үйіп...Әр парағы –Ой-сезім...Жосыласыз,Секілденіп қырдағы жорға-киік... Жанды тербеп...Самал боп есілесіз,Жаратылыс жұмбағын сезінесіз...Шалқар-әлем,Шабыттың пырағыменКең даланың төсінде көсілесіз... Шапқан сайын төске озыпорғытасыз,Арғымақтай алымды, арлы нағыз.Адамдарға, достарға сену екен-Бойға жалғыз сіңісті бар «күнәңіз». Ұялаған ұятты жанында мұң,Тұнық сырдың шашасыз лағылдарын...Көнбейтұғын өр дауыс қараулыққа,Ақиқатты айтпаса ақын ба ақын?! Адалдықсыз өмірде бар ма бақыт,Көкірегіңізден жыр-маржан толғады уақыт.Қазынаны жидыңыз қалай ғана,Жан сарайға –сыр сандық сонша жақұт?! Жан екенсіз тәңіршіл бір кісідей,Азаматтық, кісілік үлгісіндей.Бола алмайсыз сырғыған сынаптайын,Қырдың сайқы қып-қызыл түлкісіндей. Әр жолыңыз – Нұрлының нұрлы ісіндей,Зымыраған тірліктің түр-түсіндей.Сыршыл жаның – бұлақтың сыңғырындай,Сыршыл жаның – қүрақтың сылдырындай,Алғауы жоқ арудың күлкісіндей. Шөлдеп еді апырай сырға жаным,Сыршыл дүние ашты ғой бір ғаламын.Нұрағаның оқысам өлеңдерін,Нұрланамын, ой кешем, мұңланамын...  Бойыңызға қондырып ұлы күшті,Сыршыл жырға жан-әлем жүгіністі.Француздың ақыны Пьер Ронсар-Секілді поэзия – РУХ ұшты!..

Автор: