ВЕРНУТЬСЯ

От бердiң маған ақ таңда,Найзағай тастап бақтарға,Сөндiре ғойсаң болмай ма,Өртенiп бара жатқанда?!. Ыршиды iште жан аунап,Зыңғыды жұрттың бәрi аулақ!Жүгiрiп қарсы желге мен,Өртенiп барам алаулап. Үйтiлдi екi қанатым,Таусылды менiң тағатым.Су қайда ойбай, су қайда,Жанымды баса қалатын! Туды ма өлер сағатым,Таусылды сабыр-тағатым!Кiм барсың, ойбай, қасымда,Жарамды менiң таңатын?!. Көрсеңдер бойма жанымды,Лаулатып барам жалынды.Қуалап тұтып алмасаң,Өртеймiн қазiр ауылды!.. Iрке аламысың тоқта деп,Ұрамын бойды топқа кеп!Отыра алам ба өлерде,Айыбың бар ма, жоқ па деп?!. Ұстаңдар менi жiбермей,Басыңдар суға сүгендей!Тигенде жалын өзекке,Жандырып кетем түгелдей! Шыңғырам қазiр мастарша,Өлiм әулетi басталса.Себелемеймiсiң су әкеп,От бере салып қашқанша?!. Лапылдап барам өртiңнен,Айрылып барам еркiмнен,Қырылып қалар мына жұрт,Бiр ғана сенiң дертiңнен!                     13.12.1999 жыл.