ВЕРНУТЬСЯ

Алаңда – бағанға, жарға да,Арнайы жапсырып тастаған.Жар салып тұрады жарнама:Керек пе машина, баспанаң...? Жолдағы, байқамай өзгені,Сондағы: «Сатамын!», «Аламын!»,«Айырбас жасаймын!» сөздері,Айқай сап... қалт тұрып қаламын. Сөйлейді жарнама әр тілде,Қалыпты кейбірі жыртылып.Үңіліп жатады әркім де,Сүзеген бұқадай ұмтылып. Тілімдей қағаздар... жел желпіп,Күлгендей көрсетіп тілдерін:«Қалайша алмайсың менен түк,Белгілі жоқ іздеп жүргенің».Сөздерде сыр жатыр, сұраған,Ұғынам: барлықты, тапшыны...Тұрмыс-күй жайлы бір роман,Оқыған жандаймын, тап шыны! «Алмаймын!, «Ештеңе, сатпаймын!»,«Айырбас жасап та жатпаймын!»О, халқым, оңдайлық жоқ дүнием!»,-Деп жазып, бір күні кеттім мен... ...Шындықты жазсам да қысылдым,Дұрыс па, бұрыс па?! Түсінгін...