ВЕРНУТЬСЯ

Жарты ұйқымды саған бердiм,Алсын деп көз шырымын.Қараңғыда қалғы,жаным,Тарқатылып бұрымың. Қасiретiмдi бөлiстiм де,Саған бердiм шаттығын.Түн өзiме қалсын,мейлi,Саған болсын жақты күн!.. Ғашықтықтың қиындығын,Мен көрейiн,сен көрме!Қайғы-уайым мен шегейiн,Махаббатың сөнгенде!.. Мың сайманын махаббаттың,Мүмкiн емес сай қылу.Кездескенде кiм қуанса,Соған қиын айрылу. Жарты ұйқымды саған бердiм,Алаңсыз бiр қалғып ал!Ертең тәттi төсекке де,Өмiр сенi зар қылар!Сәбилерiң жатқызбайды,Отырғызып тiк таңда.Өлеңдерiм ұйқы бермес,Кiтап болып шыққанда... Түнi менен iлiнбейдi,Қара көзiң-қарақат.Жүрегiңе салар бiреу,Жазылмайтын жарақат!.. Қорылдысы батар оның,Сенiң нәзiк жаныңа.Алыстан қол созғың келер,Бiреулердiң шамына: Бiрақ ол да қиын нәрсе!-Алып ал көз шырымын!Қараңғыда қалғы,жаным,Тарқатылып...бұрымың...                   20.12.1979 жыл