ВЕРНУТЬСЯ

   Бойына қулық жұқпаған -

Аңғалдау ғана адаммын.

Бұралқы ойлар ықтаған

Обадай, жалғыз, жаһанның.

...Сезімнің шолып айдынын,

Жырақта қалса қайғы, мұң.

Анаша тартқан аурудай -

Жұмақтай сол кез жай күнің.

...Қайдасың жерік-жүрегім -

Сағыныш сазы тұнатын?

Арманда еді тірегім,

Асқарда еді мұратым!

Сағындым тұнық-сезімім -

Әлемге сүйе қараған.

Іздеймін жоқшым-сағыныш

Махаббат маған шақырған.

Қиялға елес табынтып,

Дәметкен достық пақырдан.

Жоғалдың қайда Сенім, Сен?

Құшақты досқа толтырған.

Бұ күнде іздеп емінсем

Бірі жоқ, бірі антұрған...

...Ағыңнан неге жарылдың,

Аңсайсың нені қағынған?..

Сәттерді неге сағындың,

Ойларға нәрсіз табынған?..

...Алжыма қартым, ой төгіп,

Аздау ғой асыл шашарға.

Тереңдеп кетсе шымырау

Тұнықтау нәрі қашанда...

...Пайдасыз деме сандықты -

Болмаса кілті ашарға...

...Жыр менен атқан таң - құтты,

Маржанын маңға шашарда...