ВЕРНУТЬСЯ

Қарға жаздым атыңды,Амал нешік кетті еріп.Жарға жаздым атыңды,Шықты біреу кектеніп.Құмға жаздым атыңды,Жел үрледі, көмілді.Шыңға жаздым атыңды,Тағы да жел кемірді.Дедің бе екен, наз ұқсын,Қызғалдақ гүл дестелеп.Сен атымды жазыпсың,Орамалға кестелеп.Тоғанды өтер ағызып,Атыңды жаздым тасқынға.Үйіңе барсам мә, қызық,Атым тұр өрмек-басқұрда.Ойдан шықпай жүрмін бе,Ала алмайтын көк дауыл.Иеленіп атым тұр бірде,Шаңырақтың жел бауын.Ұмыта алар оны кім,Үркек сезім дір етпе?!Содан бері есімің,Жазылулы жүректе!