ВЕРНУТЬСЯ

          Науша бойым бар
еді

Гүл өрімдей,

Қара көзім бар
еді

Қара көлдің
түбегіндей.

Қызыл жүзім бар
еді

Батқан айдай,

Қара қасым бар
еді

Тартқан жайдай.

Қолаң шашым бар
еді

Қара мақпал
іңірдің түнегіндей,

Самал соқса,
желпілдеп ойнаушы еді

Желкілдеген
толқынды ну егіндей.

Ақ маңдайым бар
еді

Қыс қарындай,

Сайраушы еді
таңдайым

Көктемнің құстарындай.

Қыр мұрынға жүқа ерін жарасатын,

Беріп еді
табиғат парасатын.

Сылаң қаққан бір
кезгі өтті дәуір,

Біз жайлаған
бақшаға жетті дауыл.

Қызыл ерін
бозарды,

Күңгірт тартты
көз алды.

Қара шаш
қырауланды,

Ақ көңіл тұманданды.

Бетті әжім
басып,

Бел бүгілді...

Мен солай болып
едім деп,

Сендіре аламын
енді кімді?!

Жарқылдап өткен
жаздардың

Жалынын кейде
білмедім,

Қаңқылдап өткен
қаздардың

Қадірін кейде
білмедім.

Жыр болып жанды
тербеген

Түндерді тептім
кеудеден.

Қадірін қалай
білмегем,

Соны ойлап бүгін
сенделем.

Бұрқана соққан борандай,

Жоғалды олар
оралмай.

Отырмын жаздай
қағазға

Қаз болып енді
қона алмай.