ВЕРНУТЬСЯ

        Алтынбек Сәрсенбайұлының

қазасына

Жоғалтып тағы да бір ердің Ерін,

елсізде еңірегім келді менің!

Екі рет
тумайды деп ондай ұлан,

елімді енді қалай сендіремін?!

Көзім де көрмейтінін көрді менің,

коругс көпті қалай көндіремін?

Қайран да қапы кеткен қарағым-ай,

еліңнің есі едің-ау, ерлігі едің!...

He
дедің?

He
деп кеттің, кеш тұнығы-ау,

құлағым,
естіместі естідің-ау!...

Бастайтын кім бар енді

орта жолда    

жүгі ауып қала берген көшті мынау?!

Жазықсыз жасағанға көп қарайлап,

боз дала бозұланын
жоқтар айлап.

Өлдіге қимайтын-ақ қарағымды

кім екен бере салған оққа байлап?!...

Таптатып табанына намысынды,

қаншама боздақ ұлдың
сағы сынды.

Боғына татымайтын қарақшының

оғына қиды екен кім арысымды?!

Қайран да...

қайран ғана,...

қайран ғана-ау,

шешілмей тым құрыса
майданда дау,

қайдағы қаңғып жүрген қараниет,

қайтейін, төбемізде тайрандады-ау?

Соңында сығалаған зұлым барын

сездің бе, сезбедің бе?

Бұрылмадың.

Қолымнан түк келмей түр,

қайран жұртым,

қаншама қайнағанмен зығырданым!

Көре алмай қызығынды кемді күнгі,

сынай ма елдігінді, ерлігіңді,

Білмейсің сыры мәлім сұмырайдың,

атсам деп тұрғанын
да... енді кімді?!..

Наурыз, 2006