ВЕРНУТЬСЯ

    Көңілдің хошын даладан тапқан саяттап,

Шаруа елім ғұмырды сүрдің жай аттап.

Асықпай ақыр арбамен жеттің қоянға,

Мың жылды мынау бостандық тумен аяқтап.

Бет алды көшің келешек жұмбақ ғасырға,

Аңқаулау едің, сақ болшы еңді, шашылма.

Қандасты күндеп, әлсізді жүндеп - қор болма,

Бермеші ерік "менмендік" деген ашуға.

Көрсе де қандай заманнан өткен тапшылық,

Күтеді алдан жасың да, қәрің жақсылық.

Бостандық баста, жан-төнің азат - енді тек,

Керегі - бірлік ... Түсінсек соны жақсы ұғып...

Ұлылық болсын, арманың елім, бірігіп,

(Тас болар құм да салынса сазға кірігіп).

Сақ, Қыпшақ, Түркі - тұлға боп кірген тарихқа,

Керек-ау қазак жұртына аса ірілік.