ВЕРНУТЬСЯ

     Сүйікті досым Арсений Андреевич!
    Жіберілгеи
кітаптарды алғаныңыз жөніндегі Сіздің хатыңызды алдым және осы почтамен Бунаков оқу құралдарының бәрін жіберіп отырмын. Бұл құралдар, басқа да оқу құралдарының
бәрін әбден тәптештеп қарай
келгенімде, біздің мектептеріміз үшін ең қолайлы болып шықты. Енді Сізге батамызды беріп, іске
сәт деуіміз ғана қалып отыр.
Қажетті оқу кұралдарының бәрі енді Сізге жіберіліп болған сияқты. Ендігі жерде мен бірқатар физикалық және химиялық (әрине,
ең түсінікті келетін) заттарды,
бірқатар әдеби шығармаларды және тағы сондайларды алдырмақшымын. Сіз оқытушылар мектебіне менен хабарсыз оқушылар жіберіп қойғаныңызға
өкініп отырмын; өйткені, Сіздің мектебіңізден оқушылар жіберілетінін білмей,
мен оқытушылар мектебіне жіберілетін оқушыларды (облыс бойынша 15 оқушы) басқа
уездерден жіберу туралы тәртіп беріп қойып едім. Сонымен, жіберілуге
тиісті 15 оқушының орнына Александр Григорьевичте біздің 22 оқушымыз болайын деп
отыр. Бұларды қалай орналастырарын кім білсін. Келешекте
мұндай түсініспеушіліктер болмауы
үшін Бессонов мырзаның Сізге
тікелей берген бұйрықтарына Сіз менің
рұксатымсыз ешнәрсе істей алмаймын деп жауап қайыруыңызды өтінемін.
Әзірге бұдан
бөтен жазарым жоқ. Бақтыбайға сәлем айтыңыз. Алексей Григорьевич, сірә,
Құбынияздан бір пайда табамын деп жүрген болар; қателескенде де, шіркін, жаман қателескен
екен! Жарыған екен, адамға! Енді оның оқытушылар мектебіне бармайтын болғанына шүкір.
Сіздің И. АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.