ВЕРНУТЬСЯ

     Аса сүйікті және қымбатты досым
Арсений Андреевич!
  Сіздің бірнеше
хатыңызға жауап бере алмағаныма Құдай
үшін, кешіре көріңіз. Мектептерді декабрьдің жиырмасында ғана тексеріп болдым. Ал одан кейін әртүрлі есеп беру жумыстарымен айналыстым және мейрам келіп қалып, қонактардан қолым тимеді. Ал оның үстіне, біз қазір Қостанайға көшіп келгенімізден, өз
шаруашылығымды да жайғастыруым керек болды. Сонымен басым айналып кетті.
Сіз енді акшаны үнемі Елек уезіндегі арнаулы ақша жинаушының
кассасынан алып тұратын боласыз; оған акша жіберіліп те койды. Кредитті енді
Сіз өзіңіз билейсіз және бақылау палатасының алдында өзіңіз есеп беретін боласыз.
Бұл жайында мен Сізге ресми түрде хабарладым. Балалар театры жайында
әуреленбей-ақ қойыңыз; мен Сізге орындалмайтын жумысты міндеттемеймін ғой. Ал «Сиротканы» тек әлдеқалай керек бола ма
деп жіберіп едім.
Жаңа жылмен құттыктағанынызға, досым, көп рақмет. Сіздердің бәріңе де, қымбатты
жолдастарым, құдай саулық беріп, маңдайларыңнан жарылқасын. Бақтыбайдың бізге
теріс айналғанынын себебіне түсінбеймін. Фельдшер болғанда ол, менің ойымша
ешнәрсе ұта қоймас, қайта ұтылар деп ойлаймын. Оған айтыңыз, егер ол шынында да
фельдшерлік қызметті әзіне пайдалы деп табатын болса, мен Сізге баска бір
көмекші тауып беру үшін, ол ойын күн-ілгері маған хабарлауы керек. Көмекші тағайындалғанша
оны мен біздін қызметімізден босата алмаймын. Бұл бәрімізге де бірдей қызмет
ережесі. Басқа жаза қойғандай ештеме жоқ сияқты. Жиірек жазып тұрыңыз. Мен
жанадан ашылған қолөнері мектебін көру үшін тағы да Торғайға жүргелі жатырмын.
Ал Сіздерге көктемге дейін бара алмаймын-ау деп ойлаймын. Осындай кездейсоқ жұмыстар
табылады да тұрады, тіпті, қайда барарыңды да білмей қаласың.
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
1884 жыл, 4 февраль.
Қостанай.