ВЕРНУТЬСЯ

      Қымбатты досым Арсений Андреевич!
    Губернатордық
жаңадан 25 бала алмай, бес бала ғана алу туралы ұсынысы мен барда жазылған
болатын.Осьгған байланысты, оқу кұралдары
мен басқа шаруашылық мүліктері
енді бес балаға ғана алынатын болғандықтан, оған тағы жаңа смета жасауымның мүлдем қажеті жоқ, рұқсат етілген мөлшерде оқу құралдарын даярлауға тура
кірісе беру керек; ал бұған жұмсалған қаражат жөніндегі есепті
жалпы негізде тиісті жеріне бере
беру керек. Мұны Сіз Василий
Илларионовичқа айтыңыз, бұған күман келтірмей-ақ қойсын. Ақтөбе мектебі жанында мен губернатор мырзамен
әлденеше рет сөйлестім, ұлы
мәртебелі тақсыр бес оқушыға
арнап оқу құралдарын алуға рұқсат
етті; сондықтан, бұл жөнінде тағы да мәселе
көтерудің қажеті жоқ кана емес,
тіпті, ол ұят болады. Молдаға казнадан пәтер беруге де
мен рұқсат ете алмаймын, өйткені, бұл жалпы ережеге қайшы келеді. Ол өзі жалғыз
басты адам болғандықтан, әзірше бос тұрған бір бұрышқа, басқаға керек болып
қалғанға дейін, орналаса тұрады ғой деймін. Биылғы жылы жаңадан қаражат жұмсауды
керек қылатын бірсыпыра ұсыныстар жасап, өтініштер енгізіп отырмын; сондықтан
мен, істейін дегеннің өзінде де, дәрі-дәрмек алатын статья қосып, тағы бір смета
тапсыра алмаймын; оның үстіне 1885 жылдың сметасы қолыңызға беріліп те қойды. Сондықтан,
мектеп ондауға деген сомадан болса да аздап ақша ұстап, жазға дейін бір шарасын
көре тұрыңыз; жаз немесе көктем кезінде мен Сіздің мектебіңізге қалай да бір
барып қайтпақшымын, сол кезде ақылдасып, бір амалын табармыз.
Жаңа оқытушы тағайындау жөнінде мен әлі ұсыныс жасаған
жоқпын; оны әзірге қоя тұрсам деймін, өйткені, Бақтыбайды қайда орналастыруымды
білмей отырмын. Сіз оған: уездік дәрігерге фельдшер болып кіре алмайсыз ба деп
көріңізші, оған бұрыс да осындай бір ұсыныс болып еді ғой; оның үстіне, мен де
оны, аздап жалақы беріп, мектептің үйде істейтін фельдшері етіп алу жөнінде сұранар
едім. Бұл, меніңше, оның өзіне тиімді болар еді.
Ал егер жаңа оқытушы тағайындау керек болған күнде,
оқытушы етіп татар тілін білмейтін Соколовты алғым келіп отырғандықтан, мұны I
кластың оқытушысы етіп тағайындауға қатты қиналып отырмын; бірақ бұл
алдымыздағы жұмыс қой,- қалай істеу керегі кезінде көрерміз. Жуырда
Торғай мен Ырғызға барамын. Өзім де, үй-ішім де аманбыз. Ешбір жаңалық жоқ. Биылғы жылы, әсіресе, губернатордың
келер қарсаңына, оқушыларынды жақсы жағдайға қоюға тырысыңыз; губернатор қазақ
мектептеріне қатты көңіл бөледі.
Сізге шын берілген И. АЛТЫНСАРИН.
14 ноябрь, 1884 ж.