ВЕРНУТЬСЯ

   Аса сүйікті досым Арсений
Андреевич!
   Жазған
хатыңызды алдым. Мені ұмытпай
жүргенінізге көп рахмет айтамын. Менің соңғы жіберғен хатымды Сіз де ендігі алған боларсыз; ол хатпен бірге өткен жылдан қалған мендегі 40 сом ақшаңызды да жібергенмін.
Сіз жаздыгүні
не істемекшісіз? Ұмытпасам, өткен жылы үйіңізге барып қайтамын деп ойлаған сияқты едіңіз. Егер олай болса, маған күн-ілгері
хабарлап қойғаныңыз жөн. Өйтсеңіз мен сізді кезінде демалыска шығарып жіберер
едім. Ал енді бір жетіден кейін Николаевскі уезіне, одан кейін Троицкіге
жүргелі отырғандығымнан, Сіздін келесі хатыңызды мен тек сол жақтарда ғана ала
аламын. Сондықтан хатыңызды Троицкіге және Николаевскі уезд баскармасы арқылы
жіберіңіз. Ал олай болмаған күнде, Василий Владимирович Катаривскиймен
хабарласыңыз, ол да Сізге демалыс бере алады. Кетеріңізде Сіз мектеп мүлкін біреуге тапсырып кетіңіз, ең абзалы өзіңіздің көмекшіңізге тапсырыңыз, ал егер бұл да қолайсыз
болатын болса, дін заңын оқытушыға
тапсырғаныңыз жөн. Бұлардың қайсысы да ресми түрде қызмет етіп отырған адамдар ғой. Басқаларға тапсырып кету онша колайлы
емес. Күбнияздың мектептен
кеткеніне мен ешбір қынжылмаймын. Оның орнына жаңа оқытушы тағайындау жұмысын
өзім барған соң шешемін, ал әзірге оның көмекшісі бұрынғы белгіленген жалақыны
алып істей берсін.
Екінші кластарға сабақ беру жүйесі жайында мен барған
соң сөйлесерміз. Ал егер Сіздің уакытыңыз болса, өз ойыңызша оқыту жоспарын
жасап, маған жіберіңіз. Сіздін бұл жоспарыңызды басқа оқытушыларға да көрсетіп,
бұл жөнінде олардың бірқатарының пікірлерін де алып, осы мәліметтердің бәрімен
Сізге августың орта кезінде келермін деп ойлаймын. Өйткені, биыл Ақтөбеде
болуым керек, оның мектебін көріп, сонда салынып жатқан жаңа мектепке керекті
қаржьгға смета жасауым керек. Жағдайым келсе, август айының бас кезінде де
барып қалуым мүмкін.
Бақтыбайға, молдаларға менен сәлем айтьщыз.
Сіздің И. АЛТЫНСАРИНЫҢЫЗ.