ВЕРНУТЬСЯ

   1. Береке-бірлік кеткенде

   Дон, Днепр, Қырым, Қап тауы - қазақ көшкен жер,

Еділ мен Алтай - малының басы өскен жер.

Бақ құсы - бірлік, басынан ұшып кеткенде,

Алартты көзін жан-жақтан дос пен өшпендер.

Бірлікті қазақ мансапқа бола қиғасын,

Жоғалтты барын, әлемге бұрын сый басын.

Еркіндік, елдік, басына қауіп туғанда,

Амалсыз жұртың ұстатты деуге бұйдасын.

Басталды содан бәрі де, бәрі, барлығы,

Естілді содан сан ғасыр қазақ зарлы үні.

Бұйда емес тіпті қазаққа қайыс әлсіз деп,

Шынжыр caп, қожа, мойынға іліп қарғыны.

Айрыдцы казақ даңғылдан, салған сара ғып,

Жол кетті ізге, соқпаққа түрлі таралып.

Айрылды казақ ғұрпынан, қоныс, жұртынаң,

Бәрінен бұрын - даналығынан далалық!

Ұстайды екен боланды тек бір тірі ғып,

Қағыста қалды баяғы пандық, ірілік.

Қонысқа бөлді, болысқа бөлді - әйтеуір,

Кетпестей етті қазақтың басы бірігіп.

Жақ-жақ боп енді шекпенге, шенге таласты,

Қамшымен бастан тартып та кейде тарасты.

Бір кезде бәрін бір ауыз сөзбен шешкендер,

Әкімге барып, оязға барып жарасты.

Кей болыс кетті жоғалтып жүзін, ұсақтап,

Кейбірін ояз далитты кейде құшаққа ап.

Ондайда даңғой билігі барлар бауырдан,

Өшін де апты - ноқталап, ерттеп, тұсап caп.

Ұстапты дәуі көтертпей басты бұқтырып,

Ғасырлар бойы екенін надан ұқтырып.

Әкімі түгіл жер ауған тұтқындарына,

Етіпті сәлем қазекең байғұс тік тұрып.

Сыйғызды сөздің мәніне "қазақ" - надандык,

Тек орыс сені алыпты деді адам ғып.

Атын да затын өзгертті енді біржола,

Етпеді қазақ шашуға ғұрпын сарандық.

Болыпты ұмыт ақтабан зары, заманы,

"Бірлік" деп елге қақсаған ері, адамы.

Санасын улап, еркін де езіп, мылжалап,

Жаншыпты жанын айлапат дәудің табаны.

Басталды содан салқындық туған жеріне,

Басталды содан тәу етпеу ата көріне.

Басталды содан анасын емес басқаны,

Ардақтау, мадақ, шығару шаңқай төріне.

Даласы қайда -еркімен көшіп жайлаған,

Желісі қайда - ойнатып құлын байлаған.

Малы да жаны еркіне тимей қазақтың,

Жаттық боп кетті қырдағы құлан, сайдағы аң.

Түн-түнек заман келгенді солай халыкка,

"Надансың, қазақ" дегенге болды нанып та.

Осындай сәтте керек-ак еді бір адам,

Бастайтын елін, жолына білім, жарыққа.

Қашаңғы шындық - ұлы ел ұлы ұл туар,

Ұлыдай болар жәй жігіт, мықты жұрты бар.

Ақылға ноқта кигізбек болса тобыры,

Ондай жүрт тозып тұқымы ақыр құртылар.

Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде,

Бір жұлдыз туды Шыңғыстың биік көгінде.

Бір бұлақ-бастау шымырлап Орда тауынан,

Өзен боп ақты қазақтың ұлы шөліне.

Сол жұлдыз жарық, сәуле боп барша қазаққа,

Қарашы әлі, көз шелін балам тазат та.

Бағдарлы енді алаштың барша баласы,

Ғасырлар бойы жол таппай түскен азапқа.

Таратты нәрін сол бұлақ барша қазаққа,

Кәусардан қаншы, денінді шайып тазарт та.

Татсаң ақ болды, тандайдан дәмі кетпейді,

Қайталап сосын түспейсің шөлдеп азапқа.

Керек-ақ еді, қазақтың шөлін басатын,

Бір адам көздің қаптаған шелін ашатын.

Абайды солай тудырды елі сағынып,

Бабалар менен туған жер беріп батасын.

 

   2. Абай сөзі - қазақ ойы

   Абай!.. Кім ол?... Ол - қазақ көзі емес пе?

Абай - сыны, арманы сөзі емес пе?

Абай - өні, қуаныш, шаттығы мен,

Абай деген қазақтың өзі емес пе?!

Даналықты Абайдың сөзіндегі,

Ел ойы деп есті адам сезінеді.

"Caп көңілім, caп, caп" деп, абыздардай,

Кім айта алар жиырмада өзіне өзі.

Ұқсатамын қазаққа тағдырынды,

Балайды елі өзіне алғыр ұлды.

"Мыңмен жалғыз алысып", әлі келмей,

Өліп-өшіп - тіріліп, сан қырылды.

Сөзден есе бермеген басқаларға,

Қазақ - өлең, қүмарға жаттағанға.

Ашса есігін дүние өлендетіп,

"Елім-ай" деп жауыпты ақтабанда.

О да өзіңдей қолдарын кеш сермеген,

Аңқау елің, қасты дос тексермеген.

Содан қапы соғыпты, айрылып қап,

Арыс ұлдан жауына дес бермеген.

Жауды жеңер береке, бірлік пенен,

Ағайыннан алғанға шыр бітпеген.

Бауыр менен көршіге жылы қабақ -

Міне осы, бақ қонған тірлік деген.

Билік тисе құтырар "тастанды" өңшең,

Ел қайғысын түсінер бастан кешкен.

Айдағанға ылығып кейбіреулер

Ағайыннан жау іздеп астан-кестен.

Есті деген кісілер, о, Тәңірі!,

Отқа сапты-ау Мұхтарды, Шәкәрімді.

"Бас-басына би болған өңкей қиқым",

Елді тәркі кім білген етеріңді.

Кісілікке мықты емес осалым көп,

Өмір сүрер тек тірлік жосағын жеп.

Ырылдатар ит емес арыстанын,

"Жаны аяулы жақсыға қосамын" деп.

Күн көзіне таласар жаз айында,

Бар өмірі бүлік боп ағайынға.

Екі қырық жасында қартаймайтын,

Қайғырмас бар, тартпайтын сазайын да.

Алғың келіп тұрғанмен елді ақтап,

Жігіт аздау шығатын ерді жақтап.

Абайдан соң бір ғасыр біз отырмыз,

"Соқтықпалы, соқпақсыз жерді" таптап.

 

   З.Танып ал, ата, ұрпақты

   Танып ал, ата, қазіргі бізді, ұрпақты,

Өзіңнен оқып, тамаша көбі жыр тапты.

Құмарпаз басшы, парақор төре бар әлі,

Қойған жоқ елің орынсыз ыржақ, қылжақты.

Игерді, ата, ғылымын әлем - қазағың,

Көбінен озық, мақхана соны жазамын.

Алдауға аузым бармайды, содан айта алман,

Қылықтан түгел жек көрген Сіздің тазардым.

Өзіңді алғаш әлемге Мұхтар танытты,

Сөзіңнің дәмі тамсантты озық сан ұлтты.

Ұлыны "Ұлы" дегені үшін ұлылар,

Қарындас жаққан қызғаныш отқа жаныпты.

"Алла деу оңай, ауызбен жетер жол емес",

Депсің-ау, ата, ал бізде әлі сол егес.

Айтпайды бірақ бұл күнде тегім маймыл деп,

Қылғандар бір кез иман мен дінді келемеш.

"Единицасыз" кездерде басы құралмай,

Ұрпағың жатты қазақтық өң мен тұр алмай.

Жаңарған мынау, алшын шөп шыққан заманда,

Нөлдері санның санатта, әлі жүр алдай.

Шөл келді елге, сусынсыз жаны - күнара,

Қос тілді сөзі - қойырпақ, шұбар тіл әлі.

Содан да болар сағыныш Сізге күшейді,

Өзіңе арнап тұрғызып жатыр мұнара.

Кете алмай тұр ма, жаңарған заман күш алып,

Жатыр ма жетпей мақсаты елге, ісі анық?

Көпірді көрген түйедей тірсек дірілдеп,

Арыны баяу, кібіртек, аяқ тұсалып.

Бостандық деген ұраннан, бірақ күш алды,

Тырысты елің, ғарышқа ұлың ұша алды.

Анамның тілі төрімде жөне мөрімде,

Сезгендей болам ертеңнен жақсы нышанды.

Ақындар - Бұқар, Қашаған, Абыл, Мағжаның,

Көбейген сайын ауырлай түсті салмағың.

Шәкәрім, Көкбай, Жұмекен, Мұқағалилар,

Өнерлі орман, тоғай боп кетті жан-жағың.

"Өсекші өлең" аударды елдің ынтасын,

Жел соқты Сен деп, Абай деп жатыр құм, тасыд.

Аталды бала, мекендер, дала, қалалар,

Көшені, ауыл, атайды Абай - шың басын.

Абай деп көпір салынар қиын өткелге,

Абай деп қайрат қыламын астам, ектемге.

.. Абайдың аты - ұжданың, арың ағайын,

Абай деп таныр қазақты енді шет жерде...

Жаңаөзен-Ақтау-Жаңаөзен

7.11. - 11.11.1993 ж.