ВЕРНУТЬСЯ

Әні:Жалғас КеңесовтікіТарихың бар мені ойларға батырған,Мен – шағала, сен – көк теңіз шақырған.Бабалардың көзін көрген киелім,Ақкетігім, айналайын атыңнан. Қайырмасы:Шаттыққа толы айнала,Қазынасы бай дала.Ақкетігім өзіңді,Ұмыта алман қайда да. Өтті күндер басыңа бұлт қаптаған,Қазынаңды қойнауыңда сақтаған.Шежірелерім, сырыңды аштың бүгінге,Сәулетіңе, дәулетіңе шаттанам. Қайырмасы:Шаттыққа толы айнала,Қазынасы бай дала.Ақкетігім өзіңді,Ұмыта алман қайда да .Іргең – теңіз, бір жағыңда – маң далам,Ақкетігім, көргенде көз тоймаған.Ғасырлар ас, шаңырағың шайқалмай,Ұрпағың бар ертеңіңді қамдаған.Қайырмасы.