ВЕРНУТЬСЯ

Аққу боп маған кезіге,Арманым болған, қалқам-ай,Айтқан бір әзіл сөзіме,Ашуың жүр ме тарқамай? Ақынның сері мінезінАртыққа, жаным, балама.Сүйгенім менің – бір өзің,Саялар мәңгі санама. Бір кінә болса менде егер,Өткен күн үшін кеш бәрін,Күндемеу үшін өзгелер,Күрсінбеу үшін достарым. Шешімге келсек шалағай,Жүрерміз кейін қайғырып.Байқамай қалған баладай-Бақытымыздан айрылып...

Автор: