ВЕРНУТЬСЯ

Бұл  әлемде  бар 
болса  егер  Құдірет,
(Құдірет!
Ол - жүректегі 
сурет).
Жүз  жаса  сен,
Ғұмырыңа  жететін
Шын  махаббат  жолығады 
бір  рет.
Серт  етемін  ауызға 
алып  Алланы,
(Ажалдан  да  ауыр 
серттің  салмағы).
- Оған   дейін?
- Оған   дейін - жаттығу...
- Одан   кейін?
- Қайталау   ғой  қалғаны...