ВЕРНУТЬСЯ

         Жұлдыз
көкті жамайды,

Түн көзінде - жарық бар

Маған аяп қарайды

Аквариумда - балықтар.

Дүниенің даңынан

Мылқаулығы мың артық,

Балықтарға табынам,

Көз жасына кұмартып.

Қайта-қайта айналып

Келе берем қасына.

Әй, балық-ау,

Әй, балық,

Байқас болшы басыңа!

Байқас болшы, -

Кеңесім,

Сенің басың - ерек бас,

Саған ғана емес ол

Бәрімізге керек бас!