ВЕРНУТЬСЯ

          Аттандасып, айғай салып, қуаттап,

Әдебиет босағасын бір аттап,

Атақ емес,

Ата-жұртым үшін деп,

Ат салысқан құрбыларға
мың рахмат!

Аттандасып,

Ақ пейілден, жүректен,

Ақ қағазда күрескен де тірескен.

Мен сондағы балаларды аңсаймын,

Әдебиет айдынында бір өскен!

Алыеке мен Алықұлдай ел сеніп,

Айтматовтай, Асқаровтай белсеніп,

Алатаудан Парнас тауға жол салып,

Ақын болсақ деуші едік!

Біздің мақсат

Биік еді, көп еді,

Беттегеннен қайта қайту жоқ еді.

Көр тірліктің қинаса да гөй-гөйі,

Көңіл құсы

Көкте жүрген өр еді.

Жүрек емес,

Ақыл бізді басқарып,

Жүре-жүре әкім бола бастадық.

Әттеген-ай, жол ортада қалар ма,

Ақын деген арзу тілек тас қауып?

Жо-жоқ, артық

Ондай сұрақ қойғаным,

Қу бас емес,

Халық қамын ойлағын.

Көбейтелік қызылшаны, мақтаны,

Көбейтелік қырғызымның қойларын,

Қамын ойлап,

Қарап тұру
рахат,

Қарапайым халық қарны тойғанын!

Ел-жұртының керегіне жараған,

Ер азамат арамыздан тараған,

Қызмет
қылмай қарап қалмас халқына

Қымбат кезде ақ қағаздан

Қара нан!

Шүкіршілік,

Жандарыңда жүремін,

Ақыншалыс,

Әкімшалыс біреумін.

Тағдырыма өкпем де жоқ,

Ал бірақ,

Анда-санда шаншулайды жүрегім

Тұрмыс өзі тура жолға еңсеріп,

Табыстырар деп жүруші ем мен сеніп

Ай-хай, шіркін,

Аттандасқан құрбылар,

Әкім емес,

Ақын болсақ деуші
едік!