ВЕРНУТЬСЯ

Есенғали шайырдың жауабыСағынып, бізге жолдаған,Хатыңды алдым, Темірім.Мекендедің, дәм тартып,Маңғыстаудың өңірін.Халық үшін туған жігітсің,Жемісті болғай өмірің.Өлең болды өзіңніңАжырамас серігің.“Ауылдан ұзап кеттім”- деп,Бұзылмасын көңілің.Дос табылмас дейсің бе,Жақсыларға жақын боп,Таба білсең көңілін.Ақындар қайда жүрсе де,Қызметін етпек елінің.Арманы болмас адамның,Ақтаса елдің сенімін.Тоғышар мен менменніңБаса білсе желігін.Қамқоршысы халқыныңҚиындықтан қаймығып,Іздемес істің жеңілін.Елің мен жерді сағынған,Мәнісін ұқтым хатыңның,Қысқаша жауап берейін,Иесі деп ақылдың.Білмейтін де бар боларІштегі ойын ақынның.Бейбітшілік дәуірдеАйыру қиын арасынҚорқақ пенен батырдың,Тентек пенен мақұлдың.Қасымызда жоқтығын,Алыста жүрсек, білемізЖаны ашитын жақынның.Темір інім, шүкір етМаңғыстау мен ЖаңғаққаТанылғанын атыңның.Отыз жасқа келгендеАқыны болдың халқыңның.Журналист болып ОдаққаЖауапты іске тартылдың.Бұрылысты қарсы алып,Жаршысына айналдыңСоциалистік салтымның.Іңкәрі болдың бұл күндеМұндағы дос-жар, артыңның.Өнегелі өмірдіңКөшбасшысы болуғаҰшатын құстай талпындың.Жерлестерің біледіҚымбаттығын нарқыңның.Екеу болса, бірі өзің –Көңілі ашық-жарқынның.Ақын інім ардақты,Өзіңе үміт артадыМаңғыстау мен Жаңғақты.Албырттықтан арылып,Болатын кезің салмақты.Қияға ұшқан қырандайТанитын кезің жан-жақты.Ел аузынан түспейсің,Болсаң ақын сандақты.Шамаң келсе, ұмытпаАта жолы, бұрынғыҚасиетті әруақты,Елдігімді жоғалтпай,Батырған жауға бармақты.Алатаудан асырғанҚалдан Церен бастағанАтышулы қалмақты.Ақындық – өнер киелі,Кез келгенге қонбайтын.Ақын деген-әулиеКелешекті болжайтын.Қисыныңды түзетіп,Тура жолға жолдайтын.Жауыздықпен жаны қас,Әділдікті қолдайтын.Нағыз ақын – шежіреЕл өмірін толғайтын.Білімді ақын жазбайдыПарасатсыз өлеңдіКөңілің көншіп толмайтын.Дана ақынның сөздеріБәйтерекке меңзейдіГүлденсе –семіп солмайтын.Адуынды ақындарСерпілте білер әп-сәттеҚайғының бұлтын торлайтын.Саған да, Темір, сенемізӘйгілі ақын болар депЕл намысын қорғайтын.                                        01.08.1988.   Ақтау-Шағадам.