ВЕРНУТЬСЯ

         Ақыннан
сағат сұрама,

Өлшеулі ғұмыр
кешпейді ол,

Құдай да
болсаң сынама,

Күнәсін оның кешпей гөр.

Ақылсыз жүрек, дана ой,

Менсінбес байлық, бақытты,

Тірілтер ақын ғана ғой,

Сендер өлтірген уақытты.

Өмірі - өрт-ау, сірә да,

Өтеді ол таңды таңға үрып,

Ақыннан сағат сұрама,

Уақыты оның мәңгілік...