ВЕРНУТЬСЯ

   Ақжелеңдеп ардақтап арман сазды,

Өн бойына жолатпай жалған назды,

Желбіретіп қалындық ақжелеңін

Сүйсіндіре күйшілер талғампазды -

Күй тартыпты, япырмай, қалмай бірі.

Ақжелеңнің қашанда балдай тілі.

Үміт аққу аспандап, ақжелең боп,

Дәметтіріп домбыра алдайды үні...