ВЕРНУТЬСЯ

Ғажапқа мына қарашы,Жамылып қара мауытты,сақтардың алтын мұрасы,адам тұр алтын сауытты. Саулаған алтын моншақтар,Денеңдi жуған жас па екен?Сыпырылып түстi мансаптар,алтын мен күмiс тас па екен? Бақыты шатыр жайса да,Жалғаннан ол да өтiптi.Алтынға тығып қойса да,Ажал кеп алып кетiптi.Амалың бар ма ажалға,құдыретке бұл жетер ме ой?алтыны емес,оған да ,адамы керек екен ғой. Оқиды сенi ғалымдар,әлiппе ашқан баладай.Сен тұрған мына шағын зал,қырғындар өткен даладай. Заман тұр жетпей ақылы,Сауыт тұр алтын,берiспей.қырғында өлiп батыры,жетiм бiр қалған жеңiстей.               * * *Жетегiне алып күндердi,Тiл қатпай таңба өшедi.Көне көз елiмБүл жердi,Теңiздiң асты деседi. Орман боп,кейiн қураған,Жердiң де асты алты қат.үн-түнсiз отыр бұл далам,Теңiздiң орнын тартып ап. Оқ-дәрi сынды түздар да,Таңбасы сынды көп iздiң.Белгiсi жатыр құздарға,Асылып өлген теңiздiң.Мұңыңменмен де егiзбiн,айта да бермей қоштас, күй.Сол заманда өлген теңiздiң,Көз жасыАнау көк Каспий. Тулайды кекке батып ол,Жасанып жауға барсам деп.Телмiрiп көкке жатыр ол,Аспанды тартып алсам деп. Жылайды шағала құсқа да,Арманын айтып көкпең көк.Достықтың ғұмыры қысқа да,өлмейдi екен кеткен кек.                *  *  *Бұлттары тауды жаншыған,Жауды бiр жаңбыр тоқтамай.Секiрген мың сан тамшыдан,Жер бетi қайнап жатқандай. Найзағай көкте жарқ етiп,Бiр сәтке түндi жоқ еттiң.Балтыры сынды жалт етiп,құмырсқа белдi балеттiң. Дауылдан дiңi бүгiлiп,Ағаштар салды байбалам.Шатұр да шұтыр жүгiрiп,Аспан ғой отпен ойнаған.қай жаққа барып құлады,найзағайлардың қамшысы?Бетiне түннiң құлады,Жаңбырдың соңғы тамшысы. Содан соңТүннiң қонағы,Аппақ ай қалды аршылып,Топырлай,Тоңып барады,Толқындар түнге малшынып.