ВЕРНУТЬСЯ

    Пайғамбарға
арналады

   Әлдекім келіп:

-Иә, Расуллаһ, қадір-құрметке ең лайықты жан кім?" -
деп сұрады.

-        Сенің Анаң! -
деді Пайғамбар (г.с.)

-        Онан соң кім ?

-        Сенің Анаң!

-        Тағы кім бар ?

-        Сенің Анаң! -
деді үшінші рет оған.

Әлгі кісі осы сұрақты төртінші рет сұрағанда: "Сенің
Атаң!" - деп жауап қатыпты Пайғамбар (г.с.).

Хадистерден.

"Алладан соң ең ардағым Анам", - деп,

Қайталасын үш мәртебе санаң тек.

Еске түссе өсиеті Пайғамбар,

Ойға батып, еркімнен тыс, қалам кеп.

Бала Ананың мейіріне бөленіп,

Ең адал ас - уызына кенеліп...

Барлық бала осылайша ардақты,

Осы шақта періштеге теңеліп.

Мәпеленіп барлығы да ержетер,

Бірі озар, бірі азар, кер кетер.

Болар бала, дейді содан боғынан -

Айтпайды ғой ешқашанда ел бекер.

Бердің бе сен - қысылғанға қол ұшын?..

Еттің бе еңбек - мұсылмандық жол үшін?..

...Өз Ананды, - депті,- арқала Қағбаға,

Өте солай ана сүтін - борышың.

Ана-мұхит, Ана-теңіз телегей.

Ана-мейір - бала жанын бөлегей.

Ана-Ай, Күн, Ана-бағдар!

Адасар

Кеткен жандар Ана атын елемей.