ВЕРНУТЬСЯ

          (Баллада)                  І Мектепте бірге оқыған,Кішкентай бір қыз бар еді.Қараған көздің сәні еді,Сыныптың биі,ханы еді. Бәтима көйлек кигенде,Кетуші еді жарасып.Жақындау соған болсақ деп,Бәріміз жүрдік таласып. Бәтима егер сөйлесе,Тыңдамайтұғын құлақ жоқ.Бәтима егер қой,десе,Тоқтамайтұғын сынақ жоқ. Осы бір қызды ойласам,Созғандай едім қол көкке.Көзіне түссем деп оның,Көп нәрсе жаздым,әлбетте!.. Ішімде еді арманым,Білмеді мені Бәтима.Алынбай келсе тырнағым,Тергеді мені Бәтима. Тұрушы едім асығып,Он сегіз жасқа келсем деп.Барушы едім мектепке,Тек қана соны көрсем деп!..Үйіміз қамыс қос еді,Көлік те онда басқа еді.Сол қыздың мінген есегі,Ақсақ та болса жақсы еді!.. Сумкасының да сол қыздың,Әдемі еді құрағы.Бір дәптер бере тұршы деп,Бізден де кейде сұрады. Елден бір озған Бәтима,Қыз еді сондай құдірет.Тапсырып маған мұғалім,Үйіне бардым бір рет... Жүруші ем көзге ілінбей,Есіктен бірден төрге өттім.Класком едім класта,Өзгелер қалып ...Мен кеттім!.. Қызықпаушы едім мансапқа,Қызметім сонда бір өтті.Көзімнің алды бұлдырап,Жүрегім қатты дір етті. Таласып жүрген сол қызға,Досымды сонда аядым.Тағады маған кім кінә,Бағынбай қойса аяғым?!.                 ІІХат жаздым оған бір күні,Дәптердің бетін шатпақтап.Көйлегімді апам жуғанда,Езіліп кетті аппақ хат. Білмеймін қазір не дедім,Сол құрттай хаттың ішінде.Әйтеуір құрттай сол қызды,Көп көріп жүрдім түсімде...                  ІІІ Мектептен үйге қайтарда,Қынжылам қызға қарайлап.Киімім жаман екенін,Қаламын іштей  абайлап. Роман жазсам бір күні,Жаримын бірден ақшаға.Ішінен жаман отаудың,Шыққан ғой талай жақсы аға?!. Жүрген ғой талай жақсы адам,Ішінде жыртық шалбардың.Қуанар деймін Бәтима,Биіктеу үйді салған күн. Ауызыма қолым жетсе бір,Қояр ем қойды баққанды.Күлімдеп қарсы алар ем,Ағарып тұрған ақ таңды. Елемей жүрген үйлерге,Еркін бір басып кірер ем.Жетімдік барын ұмытып,Жарқылдап мен де жүрер ем. Галстук тағып мойыныма,Ырғытып шықсам “Волга”ны,Орындалар еді-ау сонда бір,Көңілімнің жақсы арманы!..                  ІV Оқудан келсем  тағы бір,Емтиханнан өтем екшеліп.Аударып көрер  жан анам,Қалтамның түбін тексеріп. Қинайды  сөйтіп бұл сынақ,Қинайды қой да көп мені.Кітап деп қойдың қозысын,Жойылттым талай өйткені... Алдамайын деп-ақ жүріп мен,Алдаймын кейде анамды.Ақкөңіл байғұс білмейді,Жаңадан тапқан шарамды... Ойлаймын ғой мен бас барда,Табам ғой айла сасқанда.Әуезовтың “Абай жолы”сы,Томпайып тұр ғой астарда!.. Айтпаймын оған оны да,Сездіріп алсам тергейді.Пальтомның артқы астарын,Аударып байғұс көрмейді... Қараңғы қашан түсер деп,Қайғымен күнім өтеді.Елеріп кейде ешкілер,Егінге түсіп кетеді. (Әдептен артық озбаңдар,Кісінікіне қол созбаңдар.Ақын болайын деп тұрғанда,Таяқ жегізесіңдер ғой, «казелдар!..»)...Денемді менің көгертіп,Сиымды апам береді.Сол кезде туған үйімнен,Безіп бір кеткім келеді. Өлеңге қосы сол кезде,Көркіңді айттым мен сенің.Түсініп мені Бәтима,Ұнатып қалса деуші едім... Сол күні жыңғыл қораға,Тығып ем бәрін шатпақтап.Балалық күннің белгісі,Жойылып кетті,аппақ хат. Есіміз енген кезде де,Өзіңді қайта қозғадым.Мерзімді баспасөзге де,Жарамай қойды жазғаным. Жырымның кейбір буыны,Артықтау болып кетіпті.Басымнан менің өткендер,Басынан көптің өтіпті. Біздер де кештік дегенге,Бірақ та өзім сенбедім.Бақытым едің өйткені,Арманым едің сен менің!..                   V Демалысқа бір күн келгенде,Есіттім сені кетті деп.Алғаш рет мұңайдым,Сонда жерді тепкілеп. Қайдасың қазір,аруым,Бәрі өтірік,деп мені          Ертіп кете ғой алдап,Барайын қайда          Жүр десең де жаяулап. Алданып та көрейін,Байлығым болса әкете ғой бірге сен.Көзімді жұмып ерейін,Жер шетіне жүр десең!.. Алда мені,сұлуым,Барады өмір зымырап.Жетегіңе ерейін менің шындыққа,Көздерім жетіп тұрып-ақ... Азап екен өзіңсіз,Бір ауырлық жүрегімді қинайды.Мынау әппақ заманымның шаттығы,Қазір менің көкірегіме симайды!.. Жастар тамды көзімнен,Өкініштің заһары бар денемде.Сенбеймін мен өзіңдіМені тастап өзге мененКетіп қалды...дегенге!..Бүгін жазып отырған,Қағазыма құйылуда қара дақ.Бүгін тағы ақ түсті,Шаштарымды аралап. Қапталымда қыздар көп...-(Жанарында бақыт нұры ойнайды)Олар мені көргенде,Бақытты деп ойлайды!.. Өлеңдерін оқытып,Сұрайды олар бағасын.Періштедей көреді,Әжім енген ағасын!.. Жан-жағымды толтырып,Ортаға алып отырады бір кетпей.Сақтағысы келеді,Менің әппақ хаттарымды кірлетпей. Әппақ қарындастарым,Отырады қара көзі мөлдіреп.Ойламайды осы құрттай ағада,Бір махаббат болды деп!..                   2.12. 1979 жыл