ВЕРНУТЬСЯ

Нәпсі қуып, жаны менен тәні азғанЗаман келді алаяқтар сан озған...Қиямет пен қиянатқа хақ-қарсы,Қайда кеттің, о тектілік Ар-Ождан?!Ерлеріме ермек болып нан  табыс,Күйттеп кетсе құлқын қамын, жан бағыс..Түнгі мысық зарғағындай  қырнап іш,Сені іздеймін, о тектілік Ар-Намыс!Үміт күтіп далам жатыр далиған,Ерлерім жүр  аумай қыли-қаридан,Өкпесі өшіп талапай мен тонаудан,Бабам жатыр, жоғалды деп Ар-Иман!Жотасына  жұғын болмас нар ісі,Қайда, қайда қазағымның арысы?!Қайда, қайда қазағымның намысы,Қайда, қайда айналайын Ар Ісі?!Пәни-жалған - соғар сағат, өтер күн,Ақиқатын айтар бекер, бетердің...Ей-азамат, биік ұстап еңсеңді,Шамаң келсе, Ардың Жүгін көтергін!                      ***Біреулер жүр өзді-өзінен зор болып,Түк бітірмей кеуде керіп өр  болып.Қуыс кеуде, пасық көңіл, бос мақтан,Маңдайына жазылған ба сор болып?!Құдай өзін жаратқан ба қор қылып,Айналасын тұман-перде-тор қылып?Ар мен Ождан, Иман, Намыс жоғалған,Қайдан шықтың қасиетсіз сорлылық?!              х       х       хКейде өзімнен күйінем де, қамығам,Кейде өзімнен жабығам да, зарығам,Менің үшін Ардың нағыз биігі -Елді сүю, жерді сүю деп ұғам.Базбіреуді дер ем аса жақсы адам,Кейпін көрем бір жағынан ақсаған...Ар алдында асқақ бола алмайды,Жоғалса егер ұлттық дәстүр, салт-санам!Тілін сатқан - ділсіз болар, тамырсыз,Тексіздікке  тартар менің жаным сыз.Ана тілін мансұқ етіп жүргеннің,Бәрі топас, бәрі мәңгүрт, бәрі арсыз!Баба-далам, Ана-тілім, Иманым -Сан ғасырлар сары алтындай жиғаным.Замандардан заман ауып кеткенде,Жоғалтып бір алардайын қимадым.Сол үшін де сазға салып сарынды,Аямаспын  бойдағы күш-барымды.Талай жерде сын-талқыға түскенде,Сақтап қалдым Намысым мен Арымды!Кетем кейде сара жолда ашық тым,Тірлігіне жаным қас қой пасықтың...Қазағымның Ар-Намысын қорғаған –Нағыз Қазақ, мен өзіңе ғашықпын!

Автор: