ВЕРНУТЬСЯ

О, Арал теңізі!Сақтап қалудың сені аман,Іздеумен жолын мен алаң.Қалайшы бұған көне алам,Көнсем бе, ондаБайлығым,Сұлулығымнан тоналам,Талайдың осы өзегін,Өртеуде оны сеземін.Аралым – нұрлым, жаралым,Тетистен* қалған көз едің.Бақ тайып бастанҚұрғаудыңКелген ба саған кезегі?!____________________________________________________*Тетис – бір кезде Каспий мен Аралды біріктірген шалқар мұхиттың атауы. Кейін тартылып, құрып кеткен.Балықшы ау сап жағадан,Шаңқылдап ұшса шағалаң,Айдының шапшып аспанға.О, асқан бақыт жоқ одан.Сібірдің суын бұрмай-ақ,Каналдар қазып жырмай-ақ.Шарасы толған ырысқаҚұтқарам сені сырлы аяқ,Іздеймін, жолын табамын,Мақсаттарыма нұр бояп.Арнаңа Арал құт дарып,Жайнарсың әлі нықталыпӨзіңнен талай су алар,Шөлейтке беттер ықпа бұлт.