ВЕРНУТЬСЯ

      Арасында... арзымас... кептің кілең,

айнымасам деп жүріп... текті үлгіден,

кісілікті ойлаумен күні-түні,

кішірейіп өзім
де кеттім білем!

Қабағына қаратып үйірлестің,

тындамады сөзімді биылғы ешкім.

Абызы жоқ...

аңырған ел

немесе

қобызы жоқ бақсының күйін кештім!

Құр
жібермей құданың құтты күнін,

Іздеп едім тірліктің түп-тұнығын,

болмады ол да қой өткен лай судай,

тасқа барып тіреліп... мықтылығың!

Ала жүріп аузыма Алланы мен,

күнім үшін қоғамға жалданып ем, -

қыр көрсетіп қояды ол да бүгін

қынындағы қылыштың балдағымен!..

Басар таудың жоғы да айдан анық,

паналауды білмейсің қайда барып,

алданыш та ұшырап
дағдарысқа,

бара жатыр бөрі де майдаланып!

Әуре болам дейсің де мен несіне,

қарайлайсың тетелес, тендесіңе.

... Әлде езінің ертеңін ойлай ма екен,

қоймайды
екен тіршілік көнбесіңе!