ВЕРНУТЬСЯ

“Ұлтымыздың рухани қазынасы тағы бiр құндылықтармен толықты. Мемлекеттiк Хатшы Иманғали Тасмағамбетов өзiнiң тамаша ұлтжандылығымен танылып отыр. Ол адам қимайтын екi-екi жарым мың жыл бұрынғы сақ-скиф дәуiрiнiң жәдiгерлерiн өз жеке коллекциясынан Президенттiк мәдени орталық мұражайына тапсырды. Соның бiрi  25 ғасырлық тарихы бар шырағдан.”“Егемен Қазақстан” газетi. 10 желтоқсан 2003 ж.  Қолында оның жүйрiктiк бар озатын,Таң оянып, тiрiледi қаза-түн.Археолог – төзiмдiлiк Құдайы,Жер қойнауын инеменен қазатын. Ине-адыммен ұмтылғанда сыр-құтқа,Мұз дәуiрлер қалқып шығар құрлыққа.Кейде әлем мұқтаж болып тұрады,Сол ине-адым жерде жатқан шындыққа. Ол шындықты археолог табады,қара жерiм – шексiз жұмбақ қамалы.Алып кiтап секiлдi ол.Оны тек, археолог қана оқи алады.Небiр ғасыр – өзiн ғана ойлаған,жанып өткен, тайқазанда қайнаған,небiр дәуiр – мұхиттарды азғырып,теңiздердi бiр шыбықпен айдаған, небiр уақыт – тас дәуiр боп түнерген,небiр заман – топан суға тiрелген,Азияны баласындай арқалап,Африканы қап-қара ғып жiберген. Мiне, солар көзге үйiрiп тамшы мұң,көне затқа айналып кеп баршын-үн,жылап тұрып археологқа баяндар,жанға айтпаған түнектегi жан сырын. Толқыған соң,көңiл солай толқысын,Археологқа көрсетедi ол өрт-iшiн.Ескi жылдар шешiп берер шашына,төгiлдiре таққан күмiс шолпысын.Күмiс шолпы сыңғырлайды мың тiлдi,қара шашым қарайды оған түн-тiндi.Қазағымның көп төгiлдi көз жасы,Күмiс шолпы, қорға күмiс күлкiмдi. Жылдар сосын ап шығады қазанын,қазанында толып тұрар қазақ-үн.Алтын сапты қылыш та өзiн ұсынар,Жүзiнде оның – қазалым мен жазалым. Құт-қазаным, өр салтыңды ұмытпа, ал...дәм татқан-ау сенен талай ұлықтар.Менiң қайсар қазағымның ендi сен,қолындағы молшылық боп тұнып қал! Алмас қылыш – жарасқансың даңқыма,Бейбiт күнге келдiң.Бiрақ…балқыма!Аңдып жүрген жау әлi де аз емес,Сес көрсетер айбатым боп жарқыра!Ал, шырағдан!Қасиеттiм!Киелiм!Маң-маң басып ғалам шардың жиегiн,жүгiн артып жиы-р-ма бес ғасырдың,келе жатқан керуен – он түйелiм! Шырағданым – қолымдағы байрағым!Сан ғасырды жарық қылған, қайраным,“Тарихың жоқ!” дейтiндердiң алдында,Көрсететiн сен – тағы бір айғағым. Шырағданым, қондың, мiне, тұғырға,Ақиқаттың көзi ескiде, шынында.Ұлы өзгерiс әкеледi ол кейде,күллi ғалам ұстанатын ұғымға. Шырағданым – алтын түйе мүсiндiм!Ақтара алар ақиқаттың iшiн кiм?Археолог шындық iздеп шарқ ұрар,сәулеңдi сен сол шындыққа түсiргiн.Қалай шықтың?Қалай ғана табылдың?Сенi көрiп, қарай қалды лағыл-күн.Шырағданым, ендi қазақ халқының,маңдайына шырақ болып жағылғын! Шырағданым – он түйелiм, ұлық-тек,орыныңнан бiр сiлкiнiп тұрып-бек,қазағымның ұлы көшiн баста да,мың ғасырға тағы iлгерi жүрiп кет! Ел рухы өткенімен бекір-ді,Сен – тарихтың шырағданы жеке үнді.Сендей дерек тауып, сақтап жүрген Ер –Қазағымның шырағданы секілді!                      * * *Таң атады қызыққа тоймағандай,Кешке қайта батады ойлана алмай.Қаптаған материктер арасында,Алып Күн жасырынбақ ойнағандай. Алып Күн.Өзi өзiне арбалады,өз сәулесiн қызықтап,толғанады.Аз ба өмiрде өзi өзiн жасағандар,Әлiппе ұлы томға таңқалады. Екi тау тұр, бiр ойға беттегендей,Ортада – көл, берерiм көп дегендей.Шөлдеп келiп сол көлден су iшкенде,Екi тау бiр табақтан ет жегендей. Ақ сәулесiн тұрады ай таратып,Көк құрақ шаш тарайды шалқалатып.Жаңғырық та сөнбеуге жаттығады,Тауларға ол да өзiн қайталатып. Дала жатыр көркемдеп гүл-етегiн,Сағынышты мен де өрт боп жыр етемiн.Жансақ деймiз от болып бәрiмiз де,Бiле тұра от соңы күл екенiн.