ВЕРНУТЬСЯ

      Аттанарда,
махаббат,

Көзіңде ыстық
жас бар-ды.

Кеткем сонда
арқалап

Көз жасыңдай
аспанды.

Қала берген қол
бұлғап

Туған дала
орманы.

Тартқан алыс бұлдырап

Майдан-жорық
жолдары.

Ол кезде ой ұрыншақ,

Шегі жоқтай
арманның.

Қалдың жалғыз
айға ұқсап

Ар жағында
таулардың.

Күн секілді
сәулесін

Кең әлемге
түсірген,

Жасырайын мен
несін,

Шықпай жүрдің
түсімнен.

Сол кезде де,
махаббат,

Келерімді сезіп
ең.

Жұрт көзінен
қалқалап,

Сүйейінші
көзіңнен.