ВЕРНУТЬСЯ

      Бастасын бізді қайда жол-құдірет,

Қаймығып,
қашан ғана болдырып ек,

ілестік керуеніне, серуені ме,

барар жер, басар таудың молдығы деп.

Етер деп ойламастан қол қысқалық,

біразға өзіміз де жол нұсқадық,

Атырып көрер танды көзімізбен,

бірауыз сөзімізбен елді ұстадық...

Солықтап соңымыздан ұшқан түлек,

әлдимен әудем жерді қысқартып ек.

Санаған күніміз жоқ қашықты мұң,

аспанның ашықтығын құстан тілеп.

Қаратпай қатқағына, батпағына,

аязға ұрындырып,
аптабына,

қайыстай қара жолдар қашан болсын

қарсы алып, шығарып can жатпады ма.

 

Біреулер құйғытып-ақ
өтті дейік,

алыстан енді бірі жетті кейіп...

Қолымыз ысталса да, қысқарса да,

жолымыз қысқармасын деп тілейік.

2005 жыл