ВЕРНУТЬСЯ

    (Атыраудағы ескерткіш түбінде)

    Ассалаумағалайкум, Мәртебелім!..

Бір өзіңнен табылар бар керегім!..

Жеті ғасыр Жаһанды жалғыз кезіп,

Егіп кепсің жұртыңа нәр терегін.

Бас иіпті Египет айбатыңа!..

Бас иіпті Шыңғыс та қайратыңа!..

Бас иді енді тарих - саған, қазақ,

Жатыр жауың, өсекшің жайратыла.

Ферғауындай құзырлы бабам менің!..

Ғұмыр берген Ұлыға ғалам - керім!..

Бір сұңқары оралып тұғырына,

Қуанышпен алады далам демін.

Өз атыңмен бар Әлем жаңғырықты!..

Өз атыңмен Далаңа сән кіріпті!..

Қазақ атын қосақтап ұлылыкқа,

Қазаққа Сен теңгердің мәңгілікті...