ВЕРНУТЬСЯ

        Төңірегіне танылған тандайымен,

бақыттының бірісің мандайы кең,

Артық сөзге баспайсың,

бақталасты

шапаныңның жасқайсың шалғайымен

Баяғы бір кезіңнен балғын дарын,

керегіңнің сұрап-ақ
алдың бәрін.

Көкейсізге,

көкесіз біз
сияқты,

бақтың өзін

бармақтай-

қалдырмадың

Сұрасаң да
аласың, жыласаң да,

ұнасаң да
аласың, құласаң да.

Табақ түбін кетесің жалап-жұқтап,

дым қалдырмай басқаға бір асарға.

Күштілердің
алдында қалбырақтап,

ен құрақтап
жүргенің, дәмді мақтап,

жер түбіне
жетесің берем десе,

ара-тұра
кетесің арды да аттап.

Үлкен-кіші ұлықтың
ығын ала,

тығыла да білесің, сұғына да,

Қолынды ала жүгіріп "мықтыларға",

бас изейсің басқаға жылы ғана.

Жылауға да даярсың

жоқтауларға,

Алатаудан аласың, Ақтаудан да,

Жел өтінде күні-түн тұрғандайсың,

құр
қалмайсың марапат, мақтаудан да

Олжа десе жүгіріп алдын ала,

Шаршай қояр түрің жоқ, шалдыға да,

Бауырыңа бір өзің баса бермей,

біздерге де бірдеме қалдыр, аға!

Әр күні айта
жүрер жыр-ертектей,

келсекте ғүмыр кешіп... бір еркектей,

өмірден өтті дейсің, қарағым-ай,

өзегін өкінішке кім өртетпей!...

Кешегі қыздар ғашық келбетіммен,

күндерім аз дейсің бе мен де өкінген.

Елемес сел-дүбірді емен едім,

теректей желді күнгі тербетілгем.

Көнбеген жеке-дара жүгініске,

болды ғой жүгіріс те, түңіліс те.

Сарғайып атырабы, жапырағы,

қаншасы жатыр өлі бұғып іште.

Біресе өрге сілтеп, бірде еңісте.

алдандық арзымайтын күнкөріске.

Кешегі ізімде де, жүзімде де

табы бар өкініштің жүрген іште.

Баяғы теке-тірес, тербелісте,

төзе алмай артық үлес, кем бөліске,

апыр-ай, азапты күн, ащы ызаның

барлығы қалай сыйып келген ішке?!

...Әлгі бір әнді бұзған, сәнді бұзған

түсіріп сабасына қанды қызған,

айылын арғымақтың қатты тартып,

қайырын күтеміз де алдымыздан!

Жағала жақсыларды, жағалап қал,

сырынды жанға айтпаған соған ақтар,

"Аузыңа сенің ғана қарап тұр, - де, -

хандықтар, арғы-бергі қағанаттар!"

Ел-жұртың
жақсы болды танымаққа,

жалықпа,

жата қал да, тағы мақта.

Қаларсың шекпен киіп, шен де тиіп,

Солардың алдын ала... бәрін ақта!

Ол барда болам дейсің неден кенде,

"Өзіңде, - кемелімде, кемеңгер де",

"Тұрмайды
тырнағыңа, - деп те жібер,

ел қамын Едігедей жегендер де!"

Тарта алмай тасырқасын тағалы аттар,

үйіп-төк,

барынды caп бағалап қал!

"Кезінде кемеңгерді мақтаған" деп,

артында айта жүрер қалады ақпар!...

... жағалап қал.

Жалған күлкі,

жалған сөз,

жалған құшақ,

жалғандықтан тапқандай арманды ұсақ,

етіміз де үйреніп, бетіміз де,

шетімізден боп алдық алданғыш-ақ.

Қабырғалы қалың ел,

Кәрі
залдан

еститінің өтірік,

бәрі жалған,

Қайда барсаң көлбендеп шыға келер,

көлгірліктің көпірме бар ізі алдан.

Алдағаны өтірік, алданғаны,

сәлемнің де дәлелдің жалған бәрі,

Біреуі кеп көзіңе мақтай бере,

Іліп ала жөнелер қалғандары.

Қарғана ма өтірік, қағына ма,

жөнеледі оны да қағып ала,

Тас мүсінге айналып барамыз-ау,

сағына да білмейтін, шағына да.

"Көріп тұр
ғой құдай да!" - деп
отырып,

сендіре айтқан сөзінің көбі өтірік,

көлгірсумен
біреуді көсем де еттік,

көсеу бола алмасын көре тұрып.

He
боп кетті дүние?

He
деп кеттің, -

көрінгенге бізді де өбектеттің.

Төбемізге көтертіп
үлысы езді,

ұлы сөзді
төменге дедектеттің.

Осы ма деп көнеден қалған аңыз,

алданамыз азға да, малданамыз.

... Құлағымыз
үйренген өтірік қой,

оған бола несіне шамданамыз!...

2006 жыл