ВЕРНУТЬСЯ

«Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді»(Құран, «Нұр» сүресінен) Бақытым мен базарым,Ұлан байтақ жерім бар.Бүкіл әлем назары,Өзіне ауған елім бар.Қабақта жоқ қатулық,-Білмей өскен қайғыны.Достық,Бірлік,Татулық,Оның басты байлығы.Өкпелер –деп қамықтым,Кезім болса керіскен.Өкілі бар әр ұлттың,Сағынысып көріскен.Біздің елде үлгі етер,Туысқандық, тәттілік.Біздің елде нұр мекен,Құшақ жаяр шат қылық.Қомағайлық, құмардан,Бұл адамзат қырқысқан.Сөйтіп атын шығарған,Ескендір,Цезерь,Шыңғысхан.Құтылмаған сондада,Елдері қиын тұрмыстан.Шыңғысхан жері көлемі:Ескендірден төрт есе,Римдіктен екі есеКөп еді,Бәрінің де бірақта қайғы болды төлемі.Содан бері адамзатБір –біріне әрдайым өлім сеуіп келеді.Ол неге?Қырқысады адамдар тауып алып бір сылтау,Осы сұрақ ойынан кетпей қойған Нұрсұлтан:Тарихтың сабағын ұмытқан соң жиі олар,Талай –талай қирады алып империялар.ССРО еді бірі оның,Құлаған соң білмеді ел қалай өмір сүрерін.Әлгі сұрақ  жауабын,Деді Ел Басы:«Табамын,Берекеге, Бірлікке жататұғын ел ұйып,Орнатамын даламда мемлекет –Жерұйық..Оның аты әрине Қазақстан болады,Өмірі оның және де ғажап іске толады.Ең әуелі, әуелі деп ойламай ұтылам,Ядролық қаруымнан құтылам.Құтылам да  елімді өзгелерге үлгі етем,Достық қана білсіңіз планетаны гүлдетер.Көрсететін қасиетім мен көркім ғып,Берем сосын барлық тілге еркіндік.Адам үшін салтанат пен сән бөлек,Біріқ, бірақ ең бірінші нан керек.Тағы айтарым бейбіт атар таң керек.Табылар –ау ағайындар сын айтар,Ең әуелі экономикамды нығайтам.Соның бәрін түсінетін, қолдайтынҚосшы болар жан керек.Қызығатын жақын менен алыс көп.Мақсат атын қоялықшы «Барыс» деп.Барыс деген тауда жүрер аң болар,Қайраты бар, айбаты бар таңғалар.Өздігінен өзгелерге тимейді,Басын және өзгелерге имейді.Мүддесі үшін айлакер де, адал да,Кербез көрік, бармайды артық қадамға.Мінез –міні адамға тән адамға.Бір қасиет бардай оның атында,От жанарлы, қаймықпайтын батыл да.Символымыз осы болса дұрыс -ау,Кім -кіммен де тату болу ырыс -ау!»Бүгін міне,Бәрінде де жарыстың,Озып келем мінезімен Барыстың.Бәрі бізге көз тігеді сүйсініп,Жақын менен алыстың.Жүзім жарқын, көңілім шат ән салар,Бір құпия айтайын ба мен саған.Десем болды:«Қазақстан, Нұрсұлтан!»Қайда барсам құшақ жайып қарсы алар...