ВЕРНУТЬСЯ

      Жоғарылап,
төмендеп,

Көкте қалқып
шырлаған,

Бозала таң елең деп,

Бозторғайды
тыңдаған.

Кейде қары
қарысып,

Қанаттары
талғандай.

Жалғыз ноқат
жабысып,

Жансыз қатып
қалғандай.

Сонау биік қиырдан

Сорғалай кеп құйылған.

Үні қалай
десеңші

Жүрегіңе ұйыған!

Өтті қарлы соңғы
ұшқын,

Кетті көлкіп жер
көлдей.

Соңына еріп сол
құстың

Көктем суыт
келгендей.