ВЕРНУТЬСЯ

15 қазандақазіргі Атырау облысы, Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Мақаш ауылдық округінің Алғаауылында туған. 1929 жылы Астрахань кеңес-партия мектебін бітіріп, 1932-1934жж. Алматыдағы Комвузда оқыған. 1934- 1936 жж. "Түрксіб" газетіндередактор, 1936-1942 жж. Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды. 1942-1947 жж.Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1953 жж.Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды. Әдебиетке 1930жылдардың орта тұсында келді. "Еділ толқыны" (1937), "Жүрексыйы", (1938), "Ант" (1940), "Ақша бұлт" (1947) аттыөлең кітаптары, "Толқында туғандар" (1953), "Теңіз әуендері"(1969) романдары, "Арбасу" (Қ.Жұмалиевпен бірігіп, 1948), "Теңізмахаббаты" (1975) атты пьесалары, "Әдебиет хрестоматиясы"(Е.Исмайыловпен бірігіп құрастырған, 3 класс үшін, 1938), "Оқукітабы" (үлкендер мектебіне арналған, 1941), "Ана тілі" (3 сыныпүшін, 1948, 1959) атты оқулықтары жарық көрген. Әскери новеллалар мен эсселержинақтары да бар. Көпшілігі орысшаға аударылған. А.Пушкин, М.Лермонтов,Ш.Петефи, Н.Некрасов, Фаиз шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шығармаларыорыс, эстон, түрікмен, тәжік, болгар, т.б. тілдерге аударылған. Қызыл Жұлдыз,Октябрь Революциясы, Халықтар Достығы, Еңбек Қызыл Ту, "ҚұрметБелгісі" ордендерімен, көптеген медальдармен, "Парасат"орденімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.

Әбу